ҚАРАҒАНДЫ. 17 наурыз. Қарағандыда №3 автопарктің жүргізушілері мен кондукторлары еңбек дауы бойынша өз құқықтарын қорғап, ереуілге шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Дизель отынының қымбаттауына байланысты күнделікті жоспардың 800 теңгеге көтерілгеніне қарсы болған жүргізушілер мен кондукторлар өз наразылықтарын ашық түрде білдірді. Ереуілге №3 автопарктің отызға тарта жүргізушісі қатысып, маршрутқа кәсіпорын автобустарының 20 пайызы шыққан жоқ.
«Еңбек дауына» қатысушылармен кездесуге қала әкімі Нұрлан Әубәкіров пен орынбасары Арман Жұмекенов келді. Нәтижесінде билік пен тасымалдаушы кәсіпорын ортақ ымыраға келіп, түстен кейін ереуілге қатысқан автобустардың бәрі маршрутқа шықты.
№3 автопарктің директоры Артур Григорян қала басшыларының кәсіпорынға бұрынғы бағамен дизель отынын жеткізу бойынша көмектесуге уәде бергенін мәлімдеді.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: dailynews.kz.
• 17 Наурыз, 2016
Қарағандыда автопарк қызметкерлері ереуілге шықты

Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28