АСТАНА. 17 наурыз. Иорданияның Сауд Арабиясымен шекаралас аймағында жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, автобус Мекке қаласына бағыт алған. Алғашында 14 адамның мерт болғаны туралы ақпарат тарағанымен, дәрігерлер ауыр жарақаттан тағы екі адамның көз жұмғанын мәлімдеді. Ал қаза тапқандар арасында екі нәресте бар. Валид Рувад есімді дәрігер бірнеше адамның жағдайы тым ауыр болғанына байланысты мемлекет астанасындағы ауруханаға ауыстырылғанын айтты.
Petra агенттігінің ақпарынша, жүргізуші рульге ие бола алмағанының салдарынан 67 адам мінген автобус аударылған. Қазіргі кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек: РИА «Новости».
Сурет: lenta.ru.

Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28