Президент поштасынан
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада табысты өтуіне байланысты Қазақстан азаматтарынан келіп жатқан құттықтау хаттары жалғасуда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Рудный қаласындағы қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі А.Ахметов өз хатында Мемлекет басшысын ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен және табысты өтуімен құттықтайды. «Қазақстан халықаралық аренада үлкен беделге ие болуда. Халқымыздың әл-ауқатының үнемі артуы, саяси тұрақтылықтың сақталуы, әлемдік қоғамдастықтың құрметтеуі – осының бәрі Сіздің еңбегіңіздің, Сіздің дана саясатыңыздың нәтижесі», деп атап өтілген хатта.
Ұлы Отан соғысының ардагері, Лисаков қаласының тұрғыны И.Олейникова хатында ЕҚЫҰ Саммиті Қазақстанның және тікелей Мемлекет басшысының орасан зор беделінің танылуы екенін атап көрсетті. «Мен Жеңістің 65 жылдығын бәрі біз үшін – ардагерлер үшін жоғары деңгейде ұйымдастырылған Астанада қарсы алдым. Мен Астанада алғаш рет болдым. Мен Еуропаның қалаларын көрдім, бірақ біздің елордамыз – ол айрықша қала, ол – барлық қазақстандықтардың мақтанышы. Президентке бізге көрсеткен қамқорлығы үшін зор алғысымды айтқым келеді. Бүгінде Қазақстанның әлемдік деңгейдегі осындай биікке жеткеніне өте қуаныштымын әрі оны мақтан тұтамын және Жеңістің мұрагерлері біздің толқын сақтап қалған жер бетінде бейбітшілікті нығайту үшін мүмкін болғанның бәрін жасайтынына толық сенімді екенін атап өткім келеді», делінген хатта.
«Арай Холдинг» ЖШС бас директоры В.Соложенков өз хатында кәсіпорын ұжымы атынан Мемлекет басшысын әлемдік ауқымдағы және тарихи оқиға – ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада өтуімен шын ниеттен құттықтайды. «Біз, отандық бизнестің өкілдері, Сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы, Саммитке қатысушылардың назарын экономикалық және энергетикалық қауіпсіздіктің проблемаларын шешудің қажеттігіне аударғаныңызға дән ризамыз. Біздің бизнес-қоғамдастық тұрақтылық, бейбітшілік және келісім орныққанда ғана кәсіпкерліктің табысты дамуы мүмкін екенін жақсы біледі. Әрбір қазақстандық терең сезінетін, ертеңгі күнге сенімділігіміз үшін, Сізге рахмет!», деп атап көрсетілген хатта.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Ертай қажы Балахмет Елбасына жолдаған хатында өткен жыл еліміз үшін ұмытылмастай кезең болғанын, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға ретінде өз абыройын асқақтатқанын атап көрсеткен. Одан әрі автордың хатында: «Бұл Саммит дәуірлік ауқымдағы тарихи оқиға болды. Өйткені, бұған дейін ТМД-дан, Ислам әлемінен, тіпті Азиядан ешқандай ел ЕҚЫҰ-ға төраға болған жоқ. Біздің еліміз Тәуелсіздігін алған 19 жылдың ішінде қай салада болсын қарыштап дамығанын осы жолы нақты ісімен көрсете білді. Мұның бәрі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдегі үлкен беделі мен көреген саясатының нақты нәтижесі. Атап өтерлік жәйт, Алаш жерінде әлем қауіпсіздігіне қатысты басты құжатқа – Астана Декларациясына қол қойылды. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға болған 2010 жыл тарихта алтын әріптермен жазылып қалды», делінген.