17 Наурыз, 2016

Астанада Ұлттық Олимпиадалық комитеттің кезектен тыс съезі өтті (фото)

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17.03.2016 AST-4 АСТАНА. 17 наурыз. Астанада алғаш рет Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің кезектен тыс съезі өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жиында комитеттің жаңа жарғысы бекітіліп, жаңа мүшелері тағайындалды. ҰОК президенті Тимур Құлыбаевтың жетекшілігімен өткен жиынға Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ұлттық спорттық федерациялардың жетекшілері, танымал спортшылар қатысты. Алқалы жиынның маңыздылығы туралы Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өз ойымен бөлісті. «Алқалы жиын өте жақсы өтті. Еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитеті халықаралық талаптарға сай болу үшін ұйымның жаңа жарғысын қабылдады. Әрине, Халықаралық Олимпиадалық комитеттің сұраныс-талабына барлық жағынан сай болуымыз керек», деді Жақсылық Үшкемпіров. Съезд барысында спортшылар комиссиясының құрамы бекітілді. Тұңғыш рет жасақталған комиссияға мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, зілтемірші Илья Ильин, палуан Гюзель Манюрова, таеквондошы Арман Чилманов кірді. Ал, боксшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев осы комисссияның төрағасы болып сайланды. Дастан Кенжалин. Дерек: egemen.kz Сурет: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті, Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы. 17.03.2016 AST-6 17.03.2016 AST-7 17.03.2016 AST