17 Наурыз, 2016

Сарыағашта өнер фестивалі өтті

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
17.03.2016 OQO-2 ШЫМКЕНТ. 17 наурыз. Сарыағашта ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған өнер фестивалі өтті. Бұл туралы еgemen.кz тілшісі хабарлады. Киіз үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылған алаңда қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, кітап, ұлттық киімдер және қолөнер көрмелері жұмыс жасады. Өнер байқауына қатысқан аудан әкімі Бұхарбай Парманов барша қатысушыларға сәттілік тілеп, ауданның мәдениет саласындағы жетістіктерін тілге тиек етті. «Қазаққа тәуелсіздік оңай келген жоқ. Ұланғайыр жерін жаудан қорғау үшін ата-бабамыз аттан түскен жоқ. Азаттық жолында жандарын қиды. Бүгінде Елбасымыз біртекті «Мәңгілік Ел» болудың жолын көрсетіп отыр. Осы мерейлі міндетті барша қазақстандықтар бірлесіп іске асырады», деді аудан әкімі. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz 17.03.2016 OQO-3