12 Қаңтар, 2011

Тәуелсіздік шаралары еліміздің барлық аумағын қамтиды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Нұр Отан» ХДП 2011 жылдың 10 қаңтарында барлық жерлерде еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» акциясын бастады. Осыған байланысты партия Ор­та­лық аппарат жетекшісінің орын­­басары Мұхтар Ерман ар­найы брифинг өткізді. Брифинг ба­рысында Тәуелсіздік мерей­тойы­­ның ауқымы мен маңыз­ды­лығын ескере отырып, партия бү­гінгі күн­нің өзінде «Тәу­елсіздік жетістіктері» акциясын бастап отыр­ғанын және осы акция ая­сын­да Тәуелсіз Қазақстан тарихы­ның 20 жылдық кезеңін қорытын­ды­лауға, әрі қарай дамуының векторын анықтауға, рес­публиканың әлеу­меттік, эконо­ми­калық және саяси бастамаларын ха­лықаралық қо­ғам­дастықтың мойын­дауын көрсе­ту­ге бағытталған конференциялар, дөңге­лек үстелдер, форумдар, көрмелер, байқаулар мен көптеген басқа да іс-шаралар және акциялар өткізілетінін атап көрсетті. Жалпы, осы жылы партия облыс орталықтарында, қала­лар­­да, елдің аудандары мен ауыл­­дарында 7 мыңнан астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шаралар халықтың барлық са­натын қамтиды, яғни қарапайым азаматтардың, жас­тар­дың, бизнес қауымдас­тық­тар­дың және ҮЕҰ-лардың қаты­суы­мен әлеу­мет­тік саланың мә­селелерін шешуге және халық­тың өмір сапа­сын жақсартуға бағытталған әр­түрлі жұмыстар ұйымдасты­рылады. Бұл күндері еліміздің барлық аймақтарында осы акция аясында түрлі шаралар қолға алынды. «Егемен-ақпарат».