12 Қаңтар, 2011

Елбасы қабылдады

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіп­сіздік ко­митетінің төрағасы Нұртай Әбі­қаевты қабыл­дады, деп хабарлады Қа­зақстан Республикасы Президентінің бас­пасөз қызметі. Н.Әбіқаев Президентке Комитет қыз­метінің 2010 жылғы негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмысының ба­сым бағыттары туралы баяндады. Кездесу барысында сондай-ақ құқық қорғау және ар­наулы органдарды реформалау аясында мемлекеттің ұлттық қауіпсіздік жүйе­сін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы әңгі­ме болды. ҰҚК төрағасы Мемлекет басшы­сына ведомствоның Қарсы барлау қызметінің жаңа тұжырымдамасының жобасымен жұмыс туралы ақпарат берді. Кездесудің қорытындысы бойынша Президент азаматтар мен қоғамның қауіп­сіз­дігін одан әрі ны­ғайту, халықаралық лаң­кестік пен экстремизм қауіп-қа­терлеріне қарсы тиімді әрекет ету жөнінде бір­қатар тапсырма берді. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жо­ғарғы Сот Төрағасы Мұсабек Әлім­бековті қа­былдады, деп хабарлады Қа­зақстан Республи­ка­сы Прези­денті­нің баспасөз қызметі. М.Әлімбеков Мемлекет басшысына Қазақ­стан­да­ғы сот төрелігі жүйесінің жағдайы туралы баяндады. – Мен Президентке сот жүйесінің 2010 жылғы жұмысының қорытындылары туралы, сондай-ақ Мем­лекет басшысының Қазақстан Республикасы соттарының бесінші съезінде берген тапсырмасын орындау жөніндегі шаралар туралы баяндадым, – деді М.Әлімбеков.