ҚОСТАНАЙ. 17 наурыз. Қостанай облысында жүргізілген «STOP трафик» операциясы барысында 5 адам саудасы оқиғасы және бір жеңгетайлықтың беті ашылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оперативтік қызметкер Жасұлан Шүкіровтың айтуынша, беті ашылған 5 оқиғаның барлығы бірі біріне ұқсас, Қылмыстық кодекстің «адам саудасын» қарастыратын 128-бабына жатады. Адамдардың барлығын ауылдық жерлерге алдап шақырып алған, уақытылы тамағы мен ақысын төлеуге уәде берген.
Денисов ауданындағы ірі шаруашылықтың иесі 57, 49, және 37 жастағы үш адамның еңбегін қанаған. Алданып зардап шеккендер үш ай бойы тегін жұмыс істеген, олар бір тиын да еңбекақы алмаған. Күдікті оларды қарапайым, ашқұрсақ ғана тамақтандырып отырған. Бұл қылмысы үшін күдіктіні 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы күтіп тұр.
Мұндай қылмыстың түрі Таран ауданында да орын алған. Майское селосының тұрғыны 23 жастағы жігітті мал бақтыруға күштеп салған. Бұған да «адам саудасы» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы қызметкерлері Мирное селосы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады. Ол көрші селоның 52 жастағы тұрғынын еңбекақы төлеуге уәде беріп, өзінің үйіндегі малына салған. Бірақ өткен жылдың желтоқсан айынан бері оған ақысын бермей, еңбегін тегін пайдаланған.
Қостанай қаласындағы бір моншаның 53 жастағы әкімшілік қызметкері 14 мың теңге ақша үшін 21 жастағы жігітке 20 және 27 жастағы екі қызды төсек қызметін көрсетуге ұсынған. Қазір әкімшілік қызметкердің үстінен Қылмыстық кодекстің 309-бабының 1 бөлімі бойынша «жеңгетайлық» үшін қылмыстық іс қозғалды.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: azattyq.org.
• 17 Наурыз, 2016
Қостанай облысында адам саудасы мен жеңгетайлық әшкереленді

Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28