АСТАНА. 11 наурыз. Astana велокомандасының спортшысы Алексей Луценко «Париж-Ницца» көпкүндігінің бесінші кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жарыс барысында бірнеше мәрте шабуылдап, тәжірибелі спортшылармен иық тірестірген Луценко жалпы топтан мәреге 28 шақырым қалғанда алға шығып, көш басында келе жатқан Антуан Дюшенді шаң қаптырып кетті. Қалған аралықты тек бір өзі жүріп өткен ол жарыстың бесінші кезеңін 05:00:26 көрсеткішімен аяқтады. Ал «Катюшалық» Александр Кристофф одан 21 секундқа қалып қойып, екінші болып келсе, Orica-GreenEDGE командасының велошабандозы Майкл Мэттьюс үшінші орынға табан тіреді.
Жалпы есепте Мэттьюс көш бастап келеді. Ал Луценко 6 секундтық айырмамен екінші сатыға көтерілді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: 24.kz.
• 11 Наурыз, 2016
Қазақстандық велоспортшы «Париж-Ницца» көпкүндігінде кезең жеңімпазы атанды
АСТАНА. 11 наурыз. Astana велокомандасының спортшысы Алексей Луценко «Париж-Ницца» көпкүндігінің бесінші кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жарыс барысында бірнеше мәрте шабуылдап, тәжірибелі спортшылармен иық тірестірген Луценко жалпы топтан мәреге 28 шақырым қалғанда алға шығып, көш басында келе жатқан Антуан Дюшенді шаң қаптырып кетті. Қалған аралықты тек бір өзі жүріп өткен ол жарыстың бесінші кезеңін 05:00:26 көрсеткішімен аяқтады. Ал «Катюшалық» Александр Кристофф одан 21 секундқа қалып қойып, екінші болып келсе, Orica-GreenEDGE командасының велошабандозы Майкл Мэттьюс үшінші орынға табан тіреді.
Жалпы есепте Мэттьюс көш бастап келеді. Ал Луценко 6 секундтық айырмамен екінші сатыға көтерілді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: 24.kz.
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше