Ақтөбе қаласында үстіміздегі жылғы алғашқы санитарлық тазалық сенбілігі ұйымдастырылды. Сол күні онмыңдаған ақтөбелік көктемгі жалпықалалық сенбілікке шықты. Облыс орталығы мен қалаға қарасты бес ауылдық округтің тазалығын қамтамасыз етуге мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері қатысты. Олар өз мекемелері мен оқу орындарының айналасын және қала бойынша бекітілген аумақтарды тазартты. Сенбіліктер барысында облыс орталығы мен барлық аудандардағы елді мекендер қыс бойы жиналған қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылып, өзендер мен су қоймалары жағалары қалыпқа келтіріледі. Қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстары 1 маусымға дейін жалғасады. Алда болатын сенбіліктерге студенттер және мемлекеттік қызметкерлермен бірге барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері қатысады.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.