Оны тағайындауға құжаттар қабылдау басталады
Кеше Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз залында журналистермен кездесіп, «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу үшін іріктеудің жаңа қағидалары мен санаттарға қойылатын талаптар туралы баяндады.
Ғани Нығметов атап өткендей, 2016 жылғы 11 сәуірде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға құжаттар қабылдау басталады. Құжат қабылдау үш кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезең – 11 сәуір мен 13 мамыр аралығы, екінші кезең – 13 маусымнан 29 шілдеге дейін, ал үшінші кезең – 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтиды.
Үміткерлер құжаттарды электронды үкімет веб-порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (бұрынғы ХҚО), немесе өз қолымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-қа тапсыруға болады. Өткен жылғы конкурстық іріктеу тәжірибесі бойынша биылдан бастап құжаттар тапсыру талаптары жеңілдетілгені де тілге тиек етілді.
Бағдарламаны дамытудың 2016–2020 жылдарға арналған жоспарына сәйкес стипендия «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдамалар» бойынша тағайындалып, оларға санатына қарай жекелеген талаптар қойылады.
Сондай-ақ, Ғани Нығметов конкурстық іріктеуді кеңінен насихаттау және үміткерлерді көптеп тарту мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүзеге асып жатқанын да атап өтті. Соның аясында өңірлерде, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдарда, еңбек ұжымдары арасында кездесулер мен брифингтер өткізуде, деді ол.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09