Сайлау учаскелерін аралау кезінде жауапты науқанды қадағалаушылар қатарынан Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның жергілікті өкілдерін жиі ұшыраттық. Оның себебін білу мақсатымен құрылымның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша орталығының төрағасы Сергей ХУДЯКОВТЫ сөзге тартқан едік.
– Оның ешқандай құпиясы жоқ, – деп бастады сөзін Сергей Герольдович. – «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауының еліміздің жарқын келешегі үшін маңыздылығын сезінген қоғамдық қадағалаушылар тас-түйін әзірлікпен келіп, құрамына білікті де білімді, саяси, құқықтық жағынан сауатты 600-ге жуық адам тартылды. Араларында жастар көп. Семинарларда қосымша білім беру міндеттері жүктеліп, нәтижесінде саяси науқанды бастан-аяқ білгірлікпен атқара білетін кәсіби мамандар шоғыры дайындалды. Ол үшін облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарға – 615, саяси партиялар атынан – 214 , өзін-өзі ұсыну жолымен 401 үміткердің тіркелгені, олардың арасынан 217 адамның ғана електен өткендей депутаттық мандат алатыны, тартыс аса күшті болатыны алдын ала болжанып, сайлау, заң нормаларын жетік білулері, ара-жігі айырып түсіндірілді.
15 аумақтық, 217 округтік, 697 учаскелік сайлау комиссиялары шеңберінде 391320 сайлаушы, оның ішінде 146 мыңнан астамы Петропавл қаласында шоғырланғаны ескеріліп, негізгі күш-жігер облыс орталығына жұмылдырылды. 929 сайлау комиссиялары құрамындағы 6,5 мыңға жуық белсенділермен, сондай-ақ, саяси партиялардың сенімді өкілдерімен, жастар ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас орната отырып, бар назар демократия құндылықтарын сақтауға аударылды. Бұдан тысқары, әр учаскеде 50-ден 2500-ге дейін, ал орта есеппен алғанда 560 сайлаушыдан келетіні де ескеріліп, әркімнің өз міндетіне жауапкершілігі барынша арттырылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы атынан ат ізін салған (Ресей) 17 және Даниядан /ЕҚЫҰ/ келген 1 байқаушымен іскерлік байланыс орнатылып, барлық деңгейдегі сайлау учаскелеріне өкілдеріміз жіберілді. Осылайша, Қазақстанның сайлау жүйесін жетілдіруге барынша күш салынып, саяси науқанға әзірлік қайнаған қызу іс үстінде сыналып, таңдаудан қателеспегенімізді көрсетті.
Сайлау учаскелерінде орын алған олқылықтар тиісті орындарға іле хабарланып, олардың тізе қосуымен алдын алу шаралары қолданылды. Арыз-шағымдар көбіне бір жерде тұрақты тіркеуде алынып, бірақ басқа мекенжайда тұратын азаматтар тарапынан туындағанын айтқан жөн. Бұл олқылықтар жеке тұлғалар кінәсінен болса да, олар дереу түзетілді. Сөйтіп, адамдардың алаңсыз таңдау жасауларына толық мүмкіншілік берілді. Денсаулығы дімкәс, жүріп-тұруы қиын жандардың үйлерінде дауыс беру жайы да қадағаланып, олармен бірге өкілдеріміз ілесіп жүрді. Өрескел заң бұзушылық фактілері орын алған жоқ. Өркениетке бет алған мемлекетте заң үстемдік құрады.
Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссиясы жергілікті филиалының сайлаудың әділ де жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқаны тиісті орындар тарапынан лайықты бағасын алғаны қуантады. Ең бастысы, сайлауға қатысқан барлық партияларға тең мүмкіндік берілді. Парламентке іскер, кәсіби біліктілігі жоғары адамдардың келуіне бәріміз де тілектеспіз.
Жазып алған
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:07
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше