21 Наурыз, 2016

Сайлау. Қоғамдық комиссия. Байқау

483 рет
көрсетілді
27 мин
оқу үшін

ERA_3639+Елімізде өткен қоғамдық маңызы зор шараны байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның жұмыстары

Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның төрағасы:  – Парламент Мә­жілісі мен барлық дең­гей­лердегі мәс­ли­хаттар сайлауы – ол әрбір қазақстандыққа қатысы бар маңызды саяси оқиға. Біздің азамат­тық қоғам­ның элек­то­рат­тық үдеріске бел­сенді қатысуы өте м­а­ңызды. Сайлауды байқау жөніндегі республи­калық қоғам­дық комиссия нон-стоп режі­мінде жұмыс істей отырып, сайлау науқа­ны­ның барлық сатыларына мұқият байқау жасады. Біздің негізгі мақсатымыз сайлауға қатысу­шы барлық саяси партиялар мен кандидаттар үшін тең жағдайлардың қамтамасыз етілуіне байқау жасау болды. Ол үшін біз барлығымен де – саяси партиялардың сайлауалды штабтарымен, сайлау комиссияларымен, БАҚ-тармен, халықаралық байқаушылар миссияларымен үнқатысу жүргіздік. Барлық өңір­лердегі 6 саяси партия өкіл­дерімен, ТМД, ЕКПА, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 4 байқаушылар миссиясымен, сондай-ақ, АҚШ-тан келген тәуелсіз байқаушылармен, әлемнің 18 елінен келген шетелдік БАҚ-тар өкілдерімен кездесулер өткізілді. Біз ақпараттық бағдарла­маларға, теледидар хабарларына, интернет-жарияланымдарға, БАҚ-тарға мониторинг жүргіздік, сондай-ақ, үгіт материалдарына талдау жасадық. Бүтіндей алғанда СБРҚК байқаушылар үшін ұйымдастырылған 35 бри­фингті, 28 семи­нар мен дөңгелек үстелдерді қоса ал­ған­да 85 іс-шара өт­кізді. Барлық өңірлерде біздің сайлауды байқауға ықпал ету орталық­тарымыз жұмыс істеді. Жергілікті жерлердегі сайлау үдерісінің барысына оның барлық сатыларында мұқият байқау жасаған да солар болды. Құзырлы мониторингті және білікті байқаушыларды дайындауды қамтамасыз ету үшін жүйелі негізде оқулар ұйымдастырылды. Олар – байқаушыларға құқықтық сипаттағы барлық жайттар, сондай-ақ, байқау және ықтимал деген бұрмалауларды жою үдерісінің алгоритмі түсіндірілген семинар-тренингтер. Тікелей дауыс беру күні 10 мыңдай байқаушы таңертеңнен дауыстар түпкілікті саналып, қорытынды хаттама жасалғанға дейін осы процедураларға байқау жасады. Азаматтардың барлық өтініштері бойынша комиссия шұғыл іс-әрекет жасап отырды. Тиісті шаралар қабылданды. Сонымен бірге, біз айтарлықтай бұрмалаушылықтарды тіркеген жоқпыз. Сайлаудың мөлдір, ашық және бәсекелестік негізде өткенін жауап­кершілікті түрде мәлімдеймін. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия миссиясы да табысты орындалды. Әділ АХМЕТОВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі:  – Соңғы айда мен Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия құрамында жұмыс істедім. Біз тыңғылықты және уақытқа қарамастан жұмыс жүргіздік. Мен комиссия­да жұ­мыс істеген кезде біз сайлау туралы заңна­малардың сақталуын қадағаладық, бар­лық кандидаттардың саяси үгіт үшін тең мүмкіндіктер алуын қарастырдық, сондай-ақ, байқаушыларды дауыс беру күні білікті жұмыс істей білуге оқыттық. Біз еліміздің өңірлеріне барып, жергілікті жерлерде байқаушыларды дайындау үдерісін ұйымдастыруды қадағаладық. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшесі ретінде біздің бұл сайлаудың әділ және ашық болуы үшін бәрін де жасағанымызды айта аламын. Дауыс беру күнінен кейін өзіміз баға бергендей, біздің сайлау шынымен де әділ, бәсекелесті және ашық болды. Кеше біз таяудағы электораттық цикл­да Мәжілісте және өңірлік мәслихаттарда біздің мүдделерімізді қорғайтын адамдарға дауыс бердік. Өткен сайлау Қазақстанның тұрғындарының саяси мәдениетінің даму деңгейі жоғары демократиялық ел болып табылатынын тағы да дәлелдеді. Мен біздің сайлауға белсенді атсалысқан комиссиядағы барлық әріптестеріме, байқаушыларға және барлық сайлаушыларға шынайы ризашылығымды білдіремін. Камал БҰРХАНОВ, Сайлауды байқау жөніндегі республи­ка­лық қоғамдық комиссияның мүшесі:  – 2016 жылдың 20 наурызында біз еліміз­дегі мейлінше маңызды үдерістің куә­герлері және белсенді қатысушылары болдық. Қазақ­стан халқы жоғары заң шығарушы орган – Пар­­ламент Мәжілісі мен жергілікті өкілетті ор­ган­дар – мәслихаттарға өз өкілдерін сайлады. Өткен сайлау бүкіл қоғам мен елдің сая­си күштерінің топтасқандығын және оң да сындарлы көңіл-күйін айғақтайды. Осының бәрі Тәуелсіздіктің 25 жылы бойына біздің саяси дәстүрімізде өз ықтиярыңды еркін білдіру және толеранттылық қағидаттарының нығайғанының арқасында мүмкін болып отыр. Егер біздің еліміз жүріп өткен тарихи жолға көз салар болсақ, ел халқы өз Президентін сайлай отырып, 1991 жылдың желтоқсанында өзінің алғашқы таңдауын жасады. Сол сәттен бастап біздің қоғамымыз демократиялық даму векторына ие болды және осы бағытта қарқынды дамыды. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда қа­былданған елдің жаңа Конституциясы елде парламентаризм институтын бекітті. Осының бәрі сайлау жүйесінің дамуына бұлжымас сипат берді. Елдің саяси жүйесі дамуының табысты моделі халықтың еркін таңдау жасауына кепілдік береді. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі ретінде сайлау үдерісіне белсенді қаты­сушы бола отырып, өткен сайлау әділ және ашық болды деп айта аламын. Өңірлерге жасалған сапарлар және жеке байқауларым облыстық және аудандық сайлау комиссиялары сайлауды қазіргі заңнамаларға сәйкес және барынша ашық өткізді деп айтуға мүмкіндік береді. Оның өзі комиссия мүшелерінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейде екенін айғақ­тайды. Елде демократиялық сайлау үдерісінің моделі қалыптасты дегенді тағы да атап өтуге болады. Мен 2016 жылғы сайлау үдерісіне қаты­су­шылардың бәріне жауапты жұмыстары үшін айрықша ризашылық білдіремін. Любовь НИ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Қазақстан Республикасы – ол татулық пен келісім орнаған менің Отаным, елім. Мен біздің еліміздегі сайлаудың жоғары демократиялық деңгейде өткенін өте қаладым, сондықтан да сайлауға тек сайлаушы ретін­де ғана емес, сонымен бірге, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі ретінде де сайлауға қатысу жөнінде шешім қабылдадым. Комиссия құрамында мен елді аралап, адамдармен кездестім, Қазақстанда жүріп жатқан реформалар туралы және қазақстандықтар өз дауыстарын беретін қоғамымыздың үздік өкілдері – депутаттар туралы әңгімелестім. Қазір, 20 наурызда өткен сайлаудан кейін үдерісті ішінен бақылаған СБРҚК мүшесі ретінде мен өз отандастарым үшін қуаныштымын – қазақстандықтар біздің баршамыз үшін өте маңызды үдеріске белсенді атсалысты, үздіктер үшін әділ және ашық дауыстарын берді, сол арқылы біздің еліміздің бақытты болашағына таңдау жасады. Егор КАППЕЛЬ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы болып өтті. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық ко­миссияның мүшесі ретінде ол мөлдір жә­не әділ өтті деп сеніммен айта аламын. Барлық депутаттыққа кандидаттарға тең құқықтар мен үгіт жүргізу мүмкіндіктері берілді, сайлауға дайындық кезе­ңінде және сайлаудың өзі өткен кезде ешқандай бұрмалаушылықтар болған жоқ, қазақ­­стандықтар ең лайықтыларға таңдау жасады. Бүгінде Парламенттің жаңа құрамына елдің жетекші саяси партияларының үздік өкілдері, елдің озық адамдары өтті деп сеніммен және мақтанышпен мәлімдеймін. Олар Президент Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында белгілеген міндеттерді неғұрлым табысты жүзеге асыруға жағдай жасайтын болады. Қазақстандықтар отандық жаңғыртудың келесі қадамы үшін дәл қазір уақыттың туғанын түсінуі тиіс. Сол үшін де жаңа күштер мен жарқын ой иелері сайланып отыр. Институттық реформалар бойынша негізгі мәселелер шешілгеннен кейін біртіндеп саяси реформаларды жүргізуге кірісетін боламыз, деген еді Президент. Парламенттің жаңа шақырылымына осы үдерістің шешуші қатысушыларының бірі болуға тура келеді. Лаки КЕСОГЛУ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы болып өтті. Ол біздің еліміздің әрбір тұрғынына өздерінің патриоттығын іс жүзінде көрсетуге және Қазақстан үшін маңызды осынау үдеріске тікелей қатысуға мүмкіндік берді. Сайлауды байқау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық комиссияның мүшесі ретінде бүкіл сайлау үдерісінің жоғары деңгейде өткенін айтқым келеді. Кез келген деңгейдегі депутаттыққа кандидаттардың әрқайсысы тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болды, біздер – Комиссия мүшелері мен байқаушылар орталықтағы және өңірлердегі сайлаулар әділ және барынша ашық болуы үшін бәрін де жасадық. Қазақстандықтар дауыс берген кандидаттар тізімінде саясаткерлер, экономистер, бизнесмендер ғана емес, сонымен бірге, өнер әлемінің өкілдері мен жастардың болғаны мен үшін өте қуанышты болды. Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі ретінде мен үшін осы үдеріске қатысу үлкен құрмет және жауапкершілік болды. Комиссия жұмысы нақты белгіленген жоспар бойынша ұйымдастырылды, сайлаушылармен кездесу, Орталық сайлау комиссиясымен, кандидаттардың сайлауалды штабтарымен, баспасөзбен және халықаралық байқаушылармен ынтымақтастық осы жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Мен ол жұмыстың табысты болғанына қуаныштымын. Аманқұл СЕРІКБАЕВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Мен Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия құрамына екінші рет еніп отырмын. Осыған дейінгі сайлаулардағы сияқты біздер, СБРҚК мүшелері барлық сатылардағы сайлау үдерісі барысына байқау жасадық, елдің барлық өңірлерінде барлық саяси партиялардан депутаттыққа кандидаттар мен сайлаушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қадағаладық. Ол үшін біз 10 мыңға жуық байқаушыны оқыттық, олар үшін үйретушілік материалдар кешенін шығардық. Оның сыртында бүкіл сайлау үдерісі бойына Комиссия ақпараттық бағдарламаларға, телехабарларға, интернет-жарияланымдарға, баспа БАҚ-тар материалдарына мониторингті жүзеге асырды. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстандағы осы жолғы сайлаудың барынша транспарентті және ашық, бүкіл заңнама нормаларын сақтай отырып өтуіне барлық күш-жігерімізді жұмсадық. Сайлау өтті. Сайлаушылардың қатысуы өте жоғары болды. Оған себеп те бар: сайлаушы дауыс беруге сайлау учаскесінде заңдылықтың сақталуын қадағалайтын тәуелсіз құрылымның бар екеніне деген сеніммен келеді. Бұл жағдай біздің Комиссия жұмысының тиімділігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Екіншіден, біз айтарлықтай заң бұзушылықтарды көрген жоқпыз. Бұл да жақсы көрсеткіш. Тиімділік тіркелген бұрмалаулар санымен өлшенбейді. Одан да гөрі бұрмалаудың болмауы немесе мейлінше аз көрініс табуы Комиссияның жақсы жұмысын көрсетеді. Болып өткен Парламент Мәжілісі сайлауы қысқа мерзім ішінде сая­си элитаға, топ-менеджерлерге ротация жүргізуге, сол арқылы терең экономикалық реформаларды бастауға жағдай жасайды деп ойлаймын. Ел алдына индустриялық-инновациялық жүйеге көшу міндеті қойылып отыр. Оны шешу үшін жаңа креативті басқарушылар, Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға бағытталған терең құрылымдық реформаларды жасауға қабілетті топ-менеджерлер қажет. Юлия ЯКУПБАЕВА, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – 20 наурызда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы өтті. Қазақстандықтар заң шығарушы орган мен жергілікті мәслихаттарға өз өкілдерін сайлады. Сайлауды байқау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық комиссияның мүшесі бола отырып, мен сайлауалды бәсеке шеңберінде және тікелей сайлау барысында заңдылықтың сақталуын қадағалау мүмкіндігіне ие болдым. Өз жұмысымның негізінде, сондай-ақ, өз әріптестерімнің байқауларын ескере отырып, сайлау әділ және ашық өтті деп мәлімдеймін. Комиссия мүшелерінің жұмысы бүкіл сайлау үдерісіне мониторинг жүргізуді қарастырды. Іске барынша жауапкершілікпен келе отырып, біз елдің бүкіл аумағында Конституция нормаларының және сайлау заңнамаларының сақталуын қадағаладық. Атап айтқанда, біз аумақтық сайлау комиссияларымен кездестік, кейбір сайлау учаскелерінде болып сайлаушылар тізімін тексердік, партиялар штабтарымен кездестік, БАҚ-тарға тұрақты мониторинг жүргіздік. Осы іс-қимылдардың бәрі бүкіл сайлау үдерісінің барынша ашық әрі әділ болуына бағытталды. Ал 20 наурыздағы сайлау ең жоғары демократиялық деңгейде өтті. Сөзімнің қорытындысында 2016 жылғы сайлау үдерісінің барлық қатысушыларына жауапты және сапалы жұмыстары үшін шынайы алғыс сезімін білдіргім келеді. Жанара БАЙЖОЛДИНОВА, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Бірінші кезекте СБРҚК жұмысына қатысу мен үшін үлкен және қызықты тәжі­рибе болғанын атап өткім келеді. СБРҚК-нің Қазақстандағы сайлауды байқауда ондаған жылдан астам тәжірибесі бар. СБРҚК барлық сайлау науқандарына қатысты, оның жұмысы мен ұсынымдамалары сайлау үдерісінің жақсаруына жағдай жасады. Болып өткен Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы Президенттің Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың жаңа сатысы алдында кезекті белесті тиянақтады. Жаңа сайланған депутаттар корпусы алдында үлкен міндеттер тұр. Бүтіндей алғанда, сайлауға ұйымдастыру, ырғақтылық, бәсекелестік тұрғыда баға бере отырып, ол жоғары деңгейде өтті дегенді берік сеніммен айта аламын. Ол депутаттыққа кандидаттардың да, сайлаушылардың да жоғары саяси мәдениетімен ерекшеленеді. Біздің комиссия елеулі бұрмалаушылықтарды тіркеген жоқ, саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіт науқаны елдің сайлау заңнамаларына сәйкес өтті. Сұлтан ҚАЛИЕВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мүшесі: – Болып өткен сайлау, менің пайым­дауымша, Қазақстанның саяси және азаматтық институттарының жетілгендігі мен тұрақтылығының дәлелі болып табылады. Біздің бәріміз де Мәжілістегі және республика мәслихаттарындағы орын үшін саяси партиялардың қандай да бір «лас» технологияларсыз, қара пиарсыз мөлдір, бәсекелестікте өткен күресінің куәсі болдық. Сайлау науқаны ырғақты өтті. Біздің комиссия саяси партиялардың үгіт науқанын мұқият қадағалады, сондықтан мен кандидаттар үшін БАҚ-қа тең қолжетімділік қамтамасыз етілді деп сеніммен айта аламын. Сонымен бірге, СБРҚК байқаушыларды дайындауда және оқытуда үлкен жұмыстар жүргізді. СБРҚК байқаушылары дауыс беру күні елдің барлық сайлау учаскелерінде болып, заңнаманың барлық нормаларына және халықаралық стандарттарға сәйкес келген бүкіл сайлау процедураларына қадағалау жасадық. Барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының сайлау үдерісінің барлық сатыларында орасан зор жұмыстар жүргізгенін атап көрсету қажет. Бүтіндей алғанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы науқаны барысында азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалды. Ғұмар ГАЛЕЕВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Ақтөбе облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі: Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауының заңды және әділ, жариялылық жағдайында ашық өтуі басты назарда ұсталғаны көрініп тұр. Мен «Оқшаулық соғыс қимылдарына қатысушылардың жауынгерлік бауырластығы» облыстық қорының құрылтайшысы ретінде көптеген қоғамдық жұмыстарға атсалысып келемін. Осымен бесінші рет сайлау науқанына байқаушы болып отырмын. Шындығында, біздің елде сайлау өткізудің өзіндік демократиялық үрдісі қалыптасты деп нық сеніммен айта аламын. Қазақстан Республикасында сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық орталығының байқаушыларының дені бұрынғы өткен сайлауларға байқаушы ретінде қатысқан тәжірибелі адамдар – қоғамдық ұйымдар өкілдері, ғалымдар, оқытушылар болып келеді. Біздерге алдын ала әдістемелік құралдар, жадынамалар таратылып, сайлауды байқаудың ереже-талаптарын тағы бір еске түсірдік. Бұл осы сайлауға жаңадан қатысып отырған жас байқаушыларға кәдімгідей көмек болды, біз де ақыл-кеңестерімізді айтудамыз. Мен №46 сайлау учаскесіне таңғы 6 сағат 30 минутта келдім. Соның өзінде біраз сайлаушы жиналып қалған екен. Олардың барлығының да көңілдері көтеріңкі, жүздері жарқын. Сайлау учаскесіндегі ахуалдың өзі адамды қанаттандырады. Сайлауға қатысты құжаттар көрнекі жерге ілінген. Сайлау учаскесі әдемі безендірілген, кең де жарық. Асқақтаған патриоттық әндер, әдемі ұйымдастырылған сауда сайлаушылардың көңілінен шығуда. Ең бастысы, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері өз міндеттерін жетік меңгерген деу орынды. Сайлаушы көрінгеннен оларды тізімнен тауып, сайлау бюллетеньдерін тез табыстап, ыждағатты қызмет көрсетуде. Сайлаушылар арасынан ренішті пікірлер болған жоқ. Байқаушыларға арнайы орын бөлініп, орындықтар қойылған. Қысылып-қымтырылып жатқандарды көрмедім. Сайлаудың мерекелік салтанаты көзге ұрып тұрды. Сондықтан болар сайлаушылар балаларымен, немерелерімен келуде. Өзім байқаушы болған учаскеде ешқандай абыржушылық, заң бұзушылық көріністері байқалмады. Барлығы «Сайлау туралы» ҚР Заңы аясында жүйелі жүргізіліп жатты. Әр партияның және халықаралық байқаушылар, сондай-ақ, үміткерлердің сенімді өкілдері сайлаудың ашық та әділ өтіп жатқандарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Біздің республикалық қоғамдық бірлестік бойынша облыста сайлаудың әділ де шынайы өтуін 530 байқаушы қадағалады. Облыстық штабпен байланыста болып, өзіміз болған сайлау учсакелеріндегі жағдайды ұдайы хабарлап отырдық. Шыны керек, біз өз деңгейімізде сайлаушылардың өздерінің азаматтық парыздарын адал атқаруларына қолдау көрсеттік. Сондай-ақ, сайлау учаскесіндегі саяси науқанның ұйымшылдықпен өтуіне өзіндік үлесімізді қосуға тырыстық. Бір байқағаным, тұрғындардың Парламент Мәжілісі және мәслихаттарға депутаттарды сайлауға қатысуға деген үлкен қызығушылығы байқалды. Мұның өзі біздің сайлаушыларымыздың саяси сауаттылығы мен демократиялық үрдістерді игергенін көрсетеді. Мені қуантатыны, сайлаушылардың соның ішінде, жастардың белсенділігі дер едім. Сондай-ақ, сайлау науқанының ешқандай дау-дамайсыз сабырлы өтіп жатқанына риза болдым. Шыны керек, біздің халқымыз өз елінің ертеңіне енжар қарамайтынын айқын аңғартты. Тіпті, бала-шағасымен келіп дауыс беріп жатқандарды көргенде адамдардың сайлауды үлкен мереке ретінде түсінетініне көз жеткіздім. Ақтөбе облысы. Досыбай ШЕРІМҚҰЛОВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік орталығының төрағасы. Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәс­лихаттар депутаттарын сайлау күні бүкіл елімізде сияқты біздің Оңтүстік Қазақстан облысының сайлаушылары да өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалана отырып өз еркімен таңдау жасады. Сайлауды байқау жөніндегі респуб­ликалық қоғамдық комиссияның ОҚО бойынша өңірлік орталығы сайлаудың заң аясында таза, ашық және әділ өтуіне барлық жерде бақылау жасап, байқаушыларды осыған жұмылдыра білді. Облысымызда 1074 сайлау учаскесінің 1029-да байқаушылар алдын-ала белгіленіп, олармен семинар-тренингтер өткізілді. Орталықтағы штаб мүшелері 5 ауданда «Байқаушылардың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Ал, қалған жерлерде байқаушылар жергілікті жастар орталықтары басшыларының күшімен оқытылды. Штаб әр байқаушыға «Байқаушының күнделігі» мен «Әдістемелік құрал» және «Жадынама» кітапшаларын дайындап, барлығына таратып берді. Штаб сонымен бірге, сайлауға қатысатын саяси партиялардың өңірлік штабтарында болып, 75 сайлау учаскелерін аралап шықты. 18 сайлаушының ауызша және жазбаша арыз-шағымдарына жауап берілді және түскен арыздарды тиісті органдарға, сайлау комиссияларына жіберіліп, оның заңды шешімдерін табуына ықпал жасалынды. Облысымызда жалпы 315 депутаттық орынға 812 үміткер түсіп, 546 үміткер жіберген кемшіліктеріне орай жарыс жолынан шығып қалды. Сайлау күні барлық жерде қоғамдық тәртіп сақталып, халықаралық ұйым­дардан келген сайлаушылар еліміздегі саяси науқанға оң бағасын берді. Оңтүстік Қазақстан облысы. Ерғали ОСМАНОВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Қызылорда облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі: Осы жолғы сайлау барысын бақылап жүріп, халықтың, әсіресе, Сыр өңірі тұрғындарының болашағына бей-жай қарамайтынына көзім жетті. Олай деуге себеп бар. Мәселен, таңғы сағат жетіден бастап түске дейін Қызылорда қаласына қарасты бірнеше сайлау учаскесін және Тасбөгет, Белікөл кенттеріндегі учас­келерді араладым. Барлығында дауыс беруге келгендердің қарасы өте көп. Тіпті халық кезекте тұрды. Өкпелеп, не ренжіп жүрген ешкім жоқ, көңілдері көтеріңкі, жүздері жарқын. Сонымен бірге, сайлауды байқау жөніндегі қоғамдық штабтың мүшесі ретінде маған Жаңақорған, Шиелі, Сырдария аудандарындағы сайлау учаскелерін қадағалау жүктелген болатын. Ол жақтағы өкілдерімізбен сағат сайын хабарласып, жағдайды бақылап, ақпарат алып отырдық. Аудандар тарапынан айтылып жатқан сын-ескертпе немесе әлдебір заң бұзушылық жоқ. Мемлекеттің болашағына немқұрайлы қарамайтын азаматтардың барлығы сайлау учаскелеріне келіп, өз жүрек қалауларымен таңдауларын жасап, дауыс берді. Жалпы, сайлауға дейін аудандарды аралап, байқаушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Барлығы сайлаудың заңдылығына қанықты. Енді сол талап өз дәрежесінде орындалып отыр. Жұмысымызда ешбір кедергі кездескен жоқ. ҚЫЗЫЛОРДА. Әділғазы ЕСМҰРЗАНОВ, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Алматы облысы бойынша өңірлік орталығының төрағасы. Жетісу жерінде де Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы ашық әрі жариялы түрде өтті. Азаматтар конституциялық құқығына сай өз таңдауларын жасады. Заңдылықты бақылау барысында Алматы облысында 931 сайлау учаскесінің әрқайсысында жеке байқаушымыз төл міндеттерін атқарды. Еліміздегідей сайлаудың біздің облысымызда да жүйелі түрде жүргізілуіне қоғамдық негізде құрылған комиссиялардың да қосқан үлесі зор. Мысалға, біздің филиал тарапынан атқарылған жұмысқа тоқталсақ, әуелгі кезекте Талдықорған қаласындағы 51 байқаушының басын қосқан семинар өткіздік. Сонымен қатар, облыс орталығына жақын орналасқан Ескелді, Көксу, Қаратал аудандары мен Текелі қаласынан құралған 124 байқаушылармен көшпелі семинар өткізгеніміз тағы бар. Сондай-ақ, облыстық әкімдіктің кіші залында он-лайн режіміндегі бейнесеминарда 881 байқаушының басын қосып, сайлау заңдылықтарын тәптіштей түсіндіргенбіз. Қоғамдық негізде жұмыс істейтін әр байқаушыға 20 наурыз күні таңертеңнен кешке дейін сайлау учаскесінде болғаны үшін бір күнге 4 мың теңгеден ақы төленді. Сайлау заңнамасы бойынша әр сайлаушының жеке куәлігінің түпнұсқасын көрген соң ғана бір дана бюллетень берілді. Белгіленген уақытта әр сайлау учаскесінің төрағасымен телефон арқылы хабарласып, жағдайды қадағалап отырдық. Тұтастай алғанда, алдын ала тынбай істеген жұмысымыз бұл күні мәресіне жетті. Тыныштық болды. Ең бастысы, азаматтардың құқықтық мәдениеті жақсы дамығандығын, яғни заңды білу, сыйлау, құрметтеу секілді құндылықтардың сақталғанына көзіміз жетті. Сөйтіп, ел бірлігі нығая түсті деуге негіз бар. Мунира АБУЛОВА, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік орталығының мүшесі: Ең алдымен, Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның аймақ­тағы ұйымы ретінде тәуелсіз байқаушыларды дайындадық. Сайлау кезеңінде сүйенетін заңнамалар, байқаушылар құқығы, орын алуы мүмкін заңбұзушылық пен құжаттардың толтырылуы сынды көптеген сауалдарға әзір болуы үшін байқаушылар арнайы семинарларда Бұл барлық қалалар мен аудандарды қамтыды. Соның нәтижесінде облыстағы әр сайлау учаскесінде тәуелсіз байқаушылар жұмыс істеді. Мәжіліс пен мәслихат сайлаулары барысында байқаушылармен тұрақты хабарласып отырдық. Олар мұндай жұмысты күнде атқарып жүрмегендіктен, заңнамалық тұрғыда дүдәмал болып қалуы мүмкін мәселелерді штабқа жеткізіп, тиісті кеңестерін алып отырды. Өңірде заң бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған жоқ. Бұрынғы сайлау науқандарында үкіметтік емес ұйымдар атынан байқаушы болып жұмыс істегендіктен, биылғы сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап айтуға болады. Өйткені, түрлі сая­си партиялар мен өзін-өзі ұсынушылардың сенімді өкілдері, көптеген ұйымдардан келген байқаушылар арасында өзара түсіністік, сенім орнады. Ағымдағы сайлау үдерісінің әділеттілігі де осында жатыр. ӨСКЕМЕН.    
Соңғы жаңалықтар

Құрметке лайық жандар

Қоғам • Бүгін, 08:50

Сезім суреттері

Көрме • Бүгін, 08:40

Шерағаң шаңырағындағы кеш

Тағзым • Бүгін, 08:35

Жарыстар күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30