21 Наурыз, 2016

Билік өкілдері де биіктен табылды

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ERA_2993+Кеше миллиондаған қазақстандық азаматтардың қатарында ел билігінің жоғарғы сатысында қызмет етіп жүрген тұлғалар да Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына бір кісідей қатысып, өздерінің дауыстарын берді. Олар өздері дауыс беруге тиісті сайлау учаскелеріне ерте келушілер қатарынан табылды. Қазақстан Рес­пуб­ликасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов сағат таңғы 9:05-те Астанадағы М. Горький атындағы орыс драма театры ғи­маратында орналасқан № 99 сайлау учас­кесіне келді. Үкімет басшысы мұнда Парламент Мәжілісімен бірге қалалық мәслихат депутаттығына кандидатқа да өзінің дауысын берді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Конгресс-холл» сарайына орналасқан № 100 сайлау учаскесіне келді. Ол Парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттығына дауыс беріп шыққаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. «Əлемдегі тұрақсыздық жағдайында Қазақстан өзінің сайлауын өткізе отырып, тағы бір тарихи оқиғаның куəсі болып отыр, – деді спикер өзінің сөзінде. – Елімізде ұс­тан­­ған сарабдал саясаттың арқасында бәрі­міз­де тұрақтылық пен болашаққа деген нық сенім бар. Сондықтан, менің ойым­ша, осы сайлау арқылы Қазақстан бүкіл əлемге бай­сал­дылығын танытады. Ендеше, бүгінгі сайлау­дың əділ де ашық өтетініне күмəн жоқ». Қазақстан Республикасының Мем­ле­кеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова сайлауда дауыс беру үшін Астанадағы №89 сайлау учаскесіне келді. «Бүгін бізде өте маңызды саяси оқиға болып жатыр. Өйткені, еліміздің жоғарғы заң шы­ға­рушы органы – Парламент пен мәс­лихат депутаттарының сайлауы жүруде. Сонымен қатар, алдымызда жаңару ме­рекесі – Наурыз мейрамы келеді. Сондық­тан да көңіл-күйіміз керемет. Біз сайлауда дауыс беру арқылы, түптеп келгенде, өз болашағымыз бен тұрақтылығымыз үшін дауыс беріп отырмыз», – деді Г.Әбді­қалықова. Парламент Мәжілісі мен барлық дең­гей­дегі мәслихатқа сайлау көпшілік облыс­та Астана уақыты бойынша сағат 07:00-де басталды. Батыстағы Ақтөбе, Аты­рау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыс­тары бөлек сағаттық белдеулерде орна­лас­қан­дықтан, мұндағы сайлау учаскелері басқа об­лыстардан бір сағат кейінге, Ас­тана уа­қытымен сағат 08:00-де сөреден шықты. Парламент сайлауына 10 миллионға жуық, мәслихат сайлауына 18 миллионнан астам бюллетень таратылған. Сайлаушылар саны 9,7 миллион адамнан асып отыр.  «Егемен-ақпарат».