«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы Еxit-poll технологиясы бойынша сайлау учаскелерінен шыққан сәтте сайлаушылар арасында республикалық сауалдама жүргiздi.
Еxit-poll-дың қорытындылары мынадай:
«Нұр Отан» партиясы – 82%, «Қазақстанның Коммунистік халық партиясы» – 7,17%, «Ақ жол» партиясы – 7,22%, «Бірлік» партиясы – 0,35% , Жалпыұлттық социалистік-демократиялық партия – 1,21%, «Ауыл» партиясы – 2,05%.
Зерттеу еліміздің барлық 14 облысында және Астана мен Алматы қалаларында жүргізіліп, оған 75 мың сайлаушы қатысты. Сауалдамамен жалпы 750 сайлау учаскелері, оның ішінде 513 қалалық, 237 ауылдық сайлау учаскелері қамтылды. Зерттеу КТК телеарнасының тапсырысы бойынша жүргізілді.
* * *
Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау күні «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Закон.кз ақпараттық порталының тапсырмасымен Exit-polle-стандартты әдістемесі бойынша дауыс беріп, сайлау учаскесінен шыққан сайлаушылар арасында сауалдама жүргізді.
Сайлау учаскелеріне келушілерге «Сіз қай партияға дауыс бердіңіз?» деген сұрақ қойылған. Сауалдама еліміз бойынша 110 сайлау учаскесінде жүргізілген. Сайлау учаскесінен шыққан әрбір бесінші сайлаушыдан жауап алынған. Аталған сауалдамаға барлығы 30 мың адам қатысыпты. Іріктеме қателігі +/- 0,8%. Сауалдамаға еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге жуық респондент тартылған.
«Нұр Отан» партиясының көрсеткіші – 82,15%, Қазақстанның Коммунистік халық партиясыныкі – 7,15%, «Ақ жол» демократиялық партиясыныкі – 7,17%, «Бірлік» партиясыныкі – 0,31%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясыныкі – 1,19% және «Ауыл» партиясыныкі – 2,03%.
Қай партияның аты озады деп келген сайлау науқаны да кеше өз мәресіне жетті. Осыған орай кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау күні «Медиа Консул» агенттігі Еxit-poll әдістемесі бойынша әлеуметтік сауалдама жүргізді.
Аталған әлеуметтік сауалдама «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің тапсырысы бойынша жүргізілді. Сұрау салынғандар кездейсоқ іріктеліп, әрбір бесінші сайлаушы сауалдамаға қатысқан. Зерттеу еліміздің барлық өңірлерінің, қала мен ауыл тұрғындарының саны тең болатындай 225 сайлау учаскесінде жүргізілген. Сауалдама жүргізуге 267 сұхбат алушы тартылса, олардың жұмысын 16 өңірлік менеджер үйлестіріп отырған. Оған еліміздің барлық өңірінен 40 050 адам қатысқан. Сайлаушыларға «Сіз қандай саяси партия үшін дауыс бердіңіз?» деген сұрақ қойылған.
«Нұр Отан» партиясына сайлаушылардың 81,95 пайызы өз дауыстарын беріпті. Ал Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына сайлаушылардың 7,24 пайызы және Қазақстанның Коммунистік халық партиясына 7,22 пайызы өз таңдауларын жасапты. Бұдан кейінгі орынға 2 пайыздық нәтижемен «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы жайғасқан.
Бұл жолғы сайлауда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлаушылардың 1,20 пайыздық дауысын иеленген. Жаңадан құрылымдалған «Бірлік» саяси партиясы үшін сайлаушылардың 0,39 пайызы ғана өз сенімдерін білдірген. Іріктеудегі орташа қателік 0,69 пайыз.
––––––––––––
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33