АСТАНА. 21 наурыз. Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан xалқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс сайлауы» күн тәртібімен Ассамблеяның кезектен тыс XXIII сессиясы өз жұмысын бастады. Бұл туралы kazinform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сессияда «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес, Ассамблея мүшелері Ассамблея сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан xалқы Ассамблеясы кеңесі ұсынған кандидаттар үшін дауыс беруді бастады.
Онда елдің барлық өңірдерінен, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатарынан құралған Қазақстан xалқы Ассамблеясы мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымнан тұратын делегациялар, елімізде тіркелген xалықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдері қатысуда. Сағат 07:00-де Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Бейбітшілік және келісім сарайында Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша арналған пунктті ашты.
Айта кетейік, Парламент Мәжілісінде 107 депутат бар, оның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеиясы атынан сайланады.
Еске сала кетейік, Қазақстан xалқы Ассамблеясы атынан 9 үміткер: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы, Божко Владимир Карпович, Жұмаділдаева Наталья Васильевна, Ким Роман Ухенович, Микаелян Наринэ Гамлетовна, Мурадов Ахмед Сейдарахманович, Нурумов Шаймардан Усаинович, Тимощенко Юрий Евгеньевич, Хахазов Шакир Хусаинович тіркелген болатын.
Талғат Райымбек.
Дерек: kazinform.kz.
Сурет: khabar.kz.
• 21 Наурыз, 2016
Қазақстан xалқы Ассамблеясының кезектен тыс XXIII сессиясы басталды

Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33