21 Наурыз, 2016

Елордада Президент Наурыз мерекесіне қатысты

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21-03-2016-Prezident 003АСТАНА. 21 наурыз. Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысып, қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Елбасы этно-ауылды аралап көрді. Мұнда концерттік бағдарлама, театрландырылған көріністер, спорт сайыстары, колөнершілер ауылы мен ұлттық салт-дәстүрді таныстыру шаралары ұйымдастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақыт пен бақ-береке тіледі. «Осынау ізгі мереке Парламент сайлауын өткізу шарасымен қатар келді. Қазақстандықтар бір үйдің баласындай тұтастығын көрсетті. Халқымыздың осы бірлігі мызғымайтын болсын. Біздің жасап жатқанымыздың бәрі қазақстандықтардың кейінгі ұрпағына мұра болып қалады. Біздің болашаққа апаратын жолымыз зор жетістіктер мен Тәуелсіздігіміздің игіліктері арқылы жарқырап тұратын болсын. Барша табиғат жаңарған Наурыз мерекесінде адамдар әрдайым бір-біріне деген өкпе-ренішін кешірген, мұқтаждарға көмектескен, бақыт тілеп, ағаш отырғызған және бұлақ көзін ашқан. Халық бұл күні тілеген тілектер міндетті түрде орындалатынын айтады. Мен әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық шуағын және бар жақсылықты тілеймін», – деді Қазақстан Президенті. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: akorda.kz. 21-03-2016-Prezident 004