14 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің бұйрығы № 319

391 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2010 жылғы 12 мамыр, Астана қаласы «Бірегей,  элиталық  тұқым, бірінші, екінші  және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2008 жылғы 12 қыркүйектегі № 575 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан  Республикасының   2003 жылғы  8 ақ­­пан­дағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңының 6-бабына сәйкес бұйырамын: «Бірегей,  элиталық  тұқым,  бірінші,  екінші  және үшін­ші  көбейтілген  тұқым өндірушілерді және тұқым өткі­зу­шілерді аттестаттау ережесін бекіту және Қазақстан   Рес­публикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұй­рықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Рес­публикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2008 жыл­ғы 12 қыркүйектегі № 575 бұйрығына (Нормативтік құ­қық­тық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5342 бо­лып тіркелген, 2008 жылғы 7 қарашада № 170 (1570) «Юри­ди­ческая газета» газетінде жарияланған) мынадай то­лық­ты­рулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірегей, элиталық тұ­қым, бірінші,  екінші және үшінші көбейтілген тұқым өнді­рушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау ережесінде: 7-тармақтың 3) тармақшасында «жерлерге» деген сөзден кейін «және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің  питомниктеріне» деген сөздермен толықтырылсын; 8-тармақтың 1) тармақшасында «жерлерге» деген сөзден кейін «және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің  питомниктеріне» деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақтың 4) тармақшасында «жерлерге» деген сөзден кейін «және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің  питомниктеріне» деген сөздермен толықтырылсын; 20-тармақтың үшінші абзацында «екі» деген сөз «үш» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті (Буць А.А.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күндік мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр  А. Күрішбаев. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6292 болып енгізілді.