22 Наурыз, 2016

«Бес институттық реформада айтылған мәселелер сайлауда көрініс тапты»

402 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Бекмагамбетов А.Б. фото– дейді Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Қостанай облысындағы өңірлік орталығының төрағасы Әлімжан Бекмағамбетов – Әлімжан Бау­ыр­­­жанұлы, осы сай­лаудағы қо­ғам­дық бай­қау­шы­лар­дың қызметіне қалай ба­ға берер едіңіз? – Байқаушылар таңертеңнен кешке дейін сайлау учас­келерінде жүріп, саяси шараның әділ өтуіне атсалысты. Олар да­уы­с берген күннің ертеңіне өздері сайлау учаскелерінде жүргізген хаттамаларын үйлестірушілерге тапсырды. Үйлестірушілер оны  сайлауды байқау жөніндегі өңірлік орталыққа әкеліп берді. Оны біз орталық штабқа жіберетін боламыз. Қоғамдық байқаушылардың осы хаттамалары сайлау күні жүргізген көп жұмыстың көрінісі деуге болады. Облыстағы 797 қоғамдық байқаушылар өңірдегі 795 сайлау учаскесінде болды. Байқаушылардың сайлауалды науқанда семинарларға қатысуға және сайлау күнгі атқарған мін­детіне немқұрайды қарамағаны, патриоттықпен атсалысқаны үшін олардың қызметі мақтауға тұрарлық деп білемін. Осы сайлауға жастар бел­сенді қатысты. Олардың арасында қоғамдық байқаушы болуға сұранған жастарға риза болдым. Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында оқитын Дмитрий Литвинов деген студент қоғамдық байқаушылықты белсенді атқарды. Ол әйелінің орнына дауыс бергісі келген бір адамға сайлау учаскелерінің мүшелері оның заңға қайшы екенін түсіндіргенін айтты. Дмитрийдің сайлауға қоғамдық байқаушы болып қатысуы оның заңды тәжірибе жүзінде пайдалануға, біле түсуіне мүмкіндік берген. Жастардың мұндай шараға қатысуы жақсылықтың белгісі. «Болар бала он бесінде баспын дер...» деген емес пе аталарымыз. – Осы сайлаудың қандай да бір  ерекшелігін бөле-жара атауға бола ма? – Жалпы, біздің еліміздегі бұдан бұрынғы сайлауларда да сайлаушылар белсенділігі күшті болды. Сондықтан, бұл сайлаудың алдыңғылардан аса көзге көрініп тұрған ерекшелігін атап айту орынсыз да шығар. Дегенмен, Қазақстанның басқа облыстарын қайдам, дәл біздің Қостанай өңіріндегі сайлау сайлаушылар белсенділігімен ерекшеленді десем артық айтпаған болар едім. Оның себебі, біріншіден сайлау күні ауа райы өте қолайсыз болды, қар тынбай жауып, жер лайсаң болса да азаматтардың өз таңдауын жасауларына кедергі келтірмеді. Жұрттың патриоттық сезімі көңілдерді тол­қытқандай болды. Екіншіден, сайлау Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келді.  Бе­рекесіз ел болса ме­ре­кенің өзі саяси шараның алдына көл­­денең тұрар еді де. Біздің еліміздегі сайлаулардың  ерек­шелігін сырткөздер жақсы бай­қайды деп ойлаймын. Өйткені, өзге елдерге қара­ғанда біздің еліміздегі сайлау сайлаушылардың белсенділігімен, елдің жұ­ды­рықтай жұмылған бірлігімен ерекшеленеді. Оған өзімнің де көзім жеткен. 2011 жылы мен көрші Ресейде өт­кен Мемлекеттік дума депу­таттарының сайлауына байқаушы болып қатысқанмын. Сонда сайлаушылардың дәл біздің елдегідей белсенділігін байқай алғаным жоқ. Оны Ресейден келген байқаушылардың өздері де айтып отыр. Қазір сайлаудың ашық та, мөлдір өтуіне өркениет мүм­кіндіктерінің, интернет, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуы да себеп болып отыр. Мысалы, бізге байқаушылар аудандардан, өзге қалалардан әр екі сағат сайын телефон арқылы мәлімет беріп тұрды. Оның үстіне телефон, интернет арқылы  сайлау учаскелерінен фотосуреттер, бейнематериалдар алып тұрдық. Екіншіден, сайлаудың сипаты тек байқаушылар пікіріне ғана байланып қалған жоқ,  бұқаралық ақпарат қүралдары дауыс беру барысын «көзді ашып, жұмғанша» жұртшылыққа жеткізіп отырды.   Мұның барлығы сайлаудың ашықтығы емес пе? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың 5 институттық реформасында өте көкейкесті мәселелер айтылғаны белгілі. Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы осы рефор­малардың біртіндеп жүзеге аса бастағанын көрсетеді. Сайлау­шылардың да саяси санасы жоғарылап келеді, оларды ешкім мәжбүрлеген емес немесе ақшаға, басқаға қызықтырған жоқ. Қазақстанның әр тұрғыны өзінің азаматтық таңдауын жасау үшін сайлау учаскелеріне кешке дейін ағылды. Мұның барлығы айналып келгенде елдегі саясаттың дұрыстығын, ынтымақты көр­сетеді. Әңгімелескен Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.