Кеше Қазақстан Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің кеңсесінде Республикалық сайлауалды штаб өкілдері кезектен тыс Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауларының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
Жиын барысында штаб жетекшісі Айқын Қоңыров Қазақстан Коммунистік халық партиясы 20 наурызда өткен сайлау нәтижелерін толық мойындайтынын және оны барлық сайлау науқанының заңды қорытындысы деп санайтынын мәлімдеді.
– «Біз Орталық сайлау комиссиясы жариялаған дауыс берудің алдын ала қорытындысы еліміздегі саяси күштердің шынайы болмысына сай деп есептейміз. Өткен сайлау еркін және ашық болды. Сайлау науқаны кезіндегі сайлауалды күрес әділ жүргізілді. Біздің байқаушыларымыз айтарлықтай заңбұзушылықтарды анықтаған жоқ. Сайлауалды доданы ашық әрі әділ өткізуге барлық жағдай жасалды», – деді Айқын Қоңыров.
Парламент Мәжілісінің депутаттығынан үміткер Владислав Косарев партияны қолдаған барша қазақстандықтарға алғыс білдіріп, сенімдеріне селкеу түсірмеуге тырысатындықтарын атап өтті.
Қазақстан Коммунистік халық партиясы қазақстандықтардың жаңа сенім мандатына ие болу арқылы осы жолы да өзінің саяси алаңдағы маңыздылығын дәлелдеді. Біз коммунистерге дауыс берген еліміздің барлық азаматтарына алғыс айтамыз. Біз өзіміздің қарсыластарымызды жеңістерімен құттықтаймыз және егеменді Қазақстанның игілігі үшін бірлесе отырып Парламентте жемісті еңбек етуге сенім білдіреміз. Кезектен тыс сайлау заңнамалық жұмысты жаңа сапаға көтеріп, Қазақстанды ауқымды түрде жаңғыртуға бағытталған реформаларды іске асыруға тиісті үлес қосуға мүмкіндік береді», – деді Владислав Косарев.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан».

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше