22 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау және мәслихаттардың депутаттарын кезекті сайлау барысында заңдылықтың сақталуы туралы МӘЛІМДЕМЕ

292 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Конституцияға және Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау және мәслихаттардың депутаттарын сайлау барысында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдады. Электораттық кезеңде сайлау процесінің барлық қатысушыларымен заңнама талаптарының және азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталу мәселелері прокурорлар үшін жұмыстың негізгі басымдылығы болды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 19 ақпанда және 16 наурызда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау процесіне қатысушыларға сайлау заңнамасының нормаларын түсіндірумен және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертумен екі рет ресми үндеу жасады. Үгітті және дауыс беру процесін қоса алғанда барлық сайлау іс-шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сай жүргізілгенін атап өтеміз. Азаматтардың сайлау құқықтарын өрескел бұзу фактілері анықталған жоқ. Дауыс берудің қорытындыларына ықпал етпеген заңнама талаптарын сақтамаудың жекелеген фактілері ғана орын алды. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының прокуратурасы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы А.У.Жүнісоваға қатысты мәслихат депутаттығына кандидаттардың бірін қолдаумен сайлау алдындағы үгіт жүргізгені үшін әкімшілік іс қозғады. А.У.Жүнісова комиссия төрағасының міндеттерін атқарудан босатылды, сондай-ақ сотпен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 122-бабы бойынша 30 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шымкент қаласының Қаратау ауданында қала мәслихатының депутаттығына кандидаттың үгіттеу материалдарын бүлдіргені үшін қаланың тұрғыны Ж.К.Бубеев Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 114-бабы бойынша 15 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, сайлау алдындағы үгітті жүргізу ережелерін бұзу фактілері бойынша прокуратура елорданың үш тұрғынына заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерту жариялады. Сайлау заңнамасының бұзылу фактілері бойынша өзге қадағалау актілері енгізілген жоқ. Дегенмен, Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданында мәслихат депутаттығына кандидаттардың бірімен сайлау комиссиясының отырысын қасақана болдырмаумен ұштасқан оның қызметіне кедергі жасау фактісі орын алды. Бұл факт бойынша ішкі істер органдарымен Қылмыстық кодекстің 150-бабы (Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұдан басқа, ағымдағы жылғы 19 наурызда әлеу­меттік желілерді қоса алғанда жекелеген Интернет-ресурстарда үшінші тұлғалардың дауыс беруге арналған бюллетеньдерді жасау процесіне заңсыз араласуы туралы көрінеу жалған ақпарат таратылу фактісі анықталды. Осыған байланысты Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша (Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастама жасады, оны жүргізумен Ішкі істер министрлігі айналысуда. Дауыс берiлетiн күннің алдындағы кезеңде прокуратура органдарына Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша небәрі үш өтініш түсті. Мысалы, Валентина Безрукова Парламент Мәжілісінің депутаттығына өзін өзі ұсынған кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан сайлау комиссияларына шағымданған. Арызданушыға кандидаттарды ұсынудың белгіленген тәртібі түсіндірілді. Мәслихаттарға сайлау бойынша 181 өтініш түсті, олардың көпшілігі сайлау алдындағы үгiтті жүргізу тәртібіне, сондай-ақ, сайлау комиссияларының әртүрлі шешімдеріне қатысты болды. 113 арыз құзыреті бойынша қарау үшін сайлау комиссияларына және уәкілетті органдарға жолданды, 51 өтініш бойынша олардың авторларына заңнаманың нормалары түсіндірілді, зерделеу/тексеру нәтижелерімен 12-сі бойынша бас тарту сипатындағы жауаптар берілді, 5-і арызданушылардың өздерінің өтінімдері бойынша қараусыз қалдырылды. Дауыс беру күні прокуратура органдарына 21 өті­ніш түсті, олардың 16-сы құзыреті бойынша сайлау комиссияларына және ішкі істер органдарына жол­данды. 5-еуі соның ішінде тексерістер жүргізу арқы­лы прокурорлардың өздерімен қаралды. Мысалы, Көк­ше­тау қаласының №22 сайлау учаскесі бойынша ко­мис­сия­мен сайлаушы Д. Жетпісбаев үшін бюллетень заңсыз үшінші тұлғаларға берілгендігі туралы шағым түсті. Тізімде жанында орналасқан басқа сайлаушы (О.М.Жетеев) дауыс беру барысында көзінің нашар көруіне орай Д.Жетпіспаевтың аты-жөнінің тұсына қате қол қойғаны анықталды. Тексеріс нәтижесі бойынша Д.Жетпіспаевқа дауыс беру мүмкіндігі берілді, яғни оның сайлау құқығы бұзылған жоқ. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Сайлау алдындағы штабы өтінішіне бейнежазбаны тіркей отырып, Алматы қаласының №535 учаскесінде сайлаушылардың біреуі бүкіл отбасы үшін заңсыз дауыс бергені туралы мәлімдеді. Аталған бейнежазба бюллетеньдерді жаппай тастау фактілері бар екендігінің дәлелі ретінде Интернет желісінде таратылғанын атап өту қажет. Тексеріспен жоғарыда көрсетілген тұлғаның (Р.И.Розиев) жеке басы анықталды, ол өзінің отбасы мүшелерімен сайлау учаскесінде болғанын, олардың әрқайсысы бюллетеньдерді алғанын және дауыс беру кабиналарында жеке-жеке толтырғанын, ол тек бүктелген бюллетеньдерді барлық отбасы мүшелері үшін жәшіктерге салғанын көрсетті. Р.Розиевтың айғағы учаскелік сайлау комис­сия­сының мүшелерімен, сондай-ақ, сайлаушылар тізі­міндегі оның отбасы мүшелерінің қойған қолдарымен расталды. Осылайша, заңнаманың әрбiр сайлаушының өзi дауыс береді деген талаптары бұзылмаған. Түркістан қаласында арызданушы өкілінің қаты­суымен жүргізілген  тексеріспен №273 сайлау учаске­сін­ен бюл­летеньдердің ұрлануы туралы мәслихат депутат­тығына кандидат Б.Атаевтың хабарламасы растал­мады. Жалпы, электораттық науқан сияқты, дауыс беру күні де тыныш жағдайда өтті. Азаматтардың сайлау құқық­­тарының бұзылуы немесе басқа елеулі құқыққа қарсы әре­кеттер тіркелген жоқ. Электораттық кезеңдегі қадағалау қызметінің нәти­желері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі­лісінің депутаттарын кезектен тыс сайлау, сондай-ақ, мәслихаттар депутаттарын кезекті сайлау Қазақстан Рес­публикасы Конституциясының және «Қазақстан Рес­публикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып өткізілген деп қорытындылауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы.