ҚАРАҒАНДЫ. 22 наурыз. Қарағандыда студент қызы мас күйінде көлік жүргізген қала тұрғыны хаттама толтыру кезінде полиция қызметкеріне қол жұмсады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 21 жастағы студент қызды жол полициясы мас күйінде көлік жүргізді деген күдікпен тоқтатқан болатын. Тексеру барысында наркологиялық орталықтың мамандары көлік жүргізушісінің шынында да спирттік ішімдік ішкенін растады. Алайда, студент қыз бен оның әкесі полиция бөлімшесіне барып, әкімшілік хаттама толтыру туралы тәртіп сақшыларының талабына көнбей, оларға қарсылық көрсеткен. Нақтырақ айтқанда, студент қыз ұрыс-керіс шығарса, оның әкесі полиция қызметкеріне жұдырық жұмсаған.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қыз бен оның әкесін жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: camry-club.kz.
• 22 Наурыз, 2016
Қарағандыда мас жүргізуші қыздың әкесі полицияға қол жұмсады

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше