АСТАНА. 23 наурыз. Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу сатысында Польшамен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Матч Польшаның Щецин қаласында өтті. Ойынның 4-минутында Қазақстан құрамасының ойыншысы Серік Жаманқұлов есеп ашып, командамызды алға шығарды.
Бұдан кейін қос команда да бірқатар жойқын шабуылдар ұйымдастырғанымен, гол соғылмады. Тек ойынның аяқталуына 27 секунд қалғанда алаң иелері сапынан Марсин Миколаевич мергендігімен көзге түсіп, таразы басын теңестіріп кетті.
Енді қарсыластар 12 сәуір күні Алматыда қарымта кездесу өткізеді. Сол ойында жеңіске жеткен команда осы жылдың 10 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Колумбияда өтетін футзалдан әлем чемпионатына жолдама алады. Аталған доп додасына 24 құрама қатысатынын атап өткен жөн.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kairat-futsal.kz.
• 23 Наурыз, 2016
Футзалдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Польшамен тең ойнады

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше