23 Наурыз, 2016

Ресейліктер қарағандылық құтқарушыларға алғыс хат жолдады

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-03-2016 russia 2ҚАРАҒАНДЫ. 23 наурыз. Ресей азаматтары өздерін қар құрсауынан құтқарып қалған Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне алғыс хат жолдады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресей азаматтары А. Демкин мен А. Терентьев Челябинск облысынан Шымкент қаласына арналған өрт сөндіру көлігін айдап келе жатқандарында Ұлытау ауданынан 30 шақырым жерде тұрып қалған. Техникалары сынып, өздері боранда қалған ресейліктер 112 шұғыл телефоны бойынша қоңырау шалып, көмек сұрайды. Хабарлама бойынша оқиға орнына жедел жеткен Ұлытау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оларға жан-жақты көмек көрсеткен. Осы оқиғадан кейін А. Терентьев пен А. Демкин Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы полковник М. Қатпановтың атына алғыс хат жолдаған. Хатта Н. Сабағанов, Б. Муханбетов, Д. Муханбетов, Т. Тлеукабылов, М. Колей және М. Исмаилов сынды құтқарушылардың есімдері құрметпен аталыпты. Қайрат Әбілдинов. Дерек, сурет: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 23-03-2016 russia 1