23 Наурыз, 2016

«Алматы» шипажайы Наурыз мейрамын ерекше атап өтті (фото)

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23-03-2016 almaty 4АЛМАТЫ. 23 наурыз. Алматы қаласындағы «Алматы» шипажайы биыл Президент әкімшілігі қолдауымен Наурыз мерекесі мен туризмді насихаттау ісін біріктірді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Биылғы Наурыз мерекесінде шипажайда демалып, ем қабылдап жатқандар айтарлықтай айрықша оқиғаларға, қызықты шараларға куә болды. Наурыз мерекесінде үлкен дастархан жайылды. Шипажай аумағында «Құрмет» аллеясы ашылып, оған алғашқылардың қатарында танымал өнер тұлғалары Асанәлі Әшімов Ескендір Хасанғалиев, Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Жеңіс Ысқақова, Олимпиада чемипионы Ермахан Ибраимов, Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар оркестрі өкілдері мен «МузАРТ» тобы өз шыршаларын отырғызды. Шипажай демалушыларына аса ұнаған іс-шарада жоғарыдағы әйгілі әншілермен бірге Өмірқұл Айниязов, Асқар Жүнісбеков, Ұлықпан Жолдасов, Әсет Балғазин, «Қоңыр», «Диета.kz», «Ұлытау» топтары өнер көрсетті. Айрықша қызықты өткен мейрамда алматылықтар мен шипажай қонақтарына спорттық жарыстар, арқан тарту, қазақ күрес өнерлері, гір көтеру, дартс және басқа да спорт сайыстары көрсетілді. Сонымен бірге «Ганновер» жылқыларының биі, Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі студенттері ұйымдастырған ұлттық қолданбалы өнер көрмесі көпшілік көңілінен шықты. Айнаш Есали. Дерек, сурет: egemen.kz. 23-03-2016 almaty 7 23-03-2016 almaty 8 23-03-2016 almaty 1 23-03-2016 almaty 2 23-03-2016 almaty 3 23-03-2016 almaty 5 23-03-2016 almaty 6