АСТАНА. 23 наурыз. Англияның Уоррингтон қаласында танымал The Beatles тобының 1962 жылы шыққан күй табағы 77,5 мың фунт стерлингке сатылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аукционда сатылған күйтабақта The Beatles-тың Пол Маккартинимен бірге шырқаған Till There Was You және топтың жеке орындаған Hello Little Girl әндері жазылған. Музыка саласының сарапшылары бұл пластинканы «қасиетті грааль» деп атап кеткен. Құнды дүние танымал HMV сауда желісінде дайындалған.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында аталған топтың сирек нұсқада шыққан «Ақ альбом» ән жинағы 790 мың АҚШ долларына сатылған болатын. Санаулы нұсқада шыққан альбом топтың барабаншысы Ринго Старрға тиесілі болған. Бұл аукцион 2015 жылы 300 мың долларға сатылған Элвис Преслидің «Рок-н-ролл патшасы» альбомының қойған рекордын жаңартты.
The Beatles тобы Англияның Ливерпуль қаласында құрылған. Музыка тарихындағы ең сәтті әрі сыншылардың тарапынан құрметке ие болған рок тобы.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: dmitrovets.ru.
• 23 Наурыз, 2016
The Beatles тобының күйтабағы 111 мың долларға сатылды

Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше
8 миллион теңгеге қандай жаңа көліктер алуға болады?
Қоғам • Кеше
Қытайдан әкелінген көліктерді жүргізу шарттары қандай?
Логистика • Кеше
Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Кеше
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Кеше
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Кеше
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Кеше
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Кеше