Мен бірнеше сайлау учаскелерінде болып, сайлаудың өтуін қадағаладым. Бұрын өткен сайлауларға да байқаушы болып қатысқанмын. Сондықтан да, сайлау учаскелері ашылған бойда баруға тырысамын. Сонда байқағаным дауыс беруге алдымен қарттарымыз қадам басты. Сағат тілі 9-дан кете жастардың белсенділігі аңғарылды.
Сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жақсы жабдықталғаны аңғарылды. Сайлауға дайындық өте жоғары деңгейде жүргізілгендігіне көз жеткіздім. Сайлау кезінде қай партияның да сенімді өкілдерінен реніш бола қойған жоқ. Барлық байқаушыларға да, сенімді өкілдерге де сайлаудың өтуін байқауға, қадағалауға заң аясында жағдай туғызылды.
Сайлау әділ өтті. Сайлаушылар өз таңдауын еркін жасады. Ешкім ешкімге дауыс беру туралы нұсқау беріп, қыстаған жоқ. Ешбір учаскеде комиссия тарапынан да, сайлаушылар тарапынан да ескертулер, арыз-шағымдар болған емес.
Сайлау күні облыстаға 526 сайлау учаскесінде біздің 530 байқаушымыз болды. Олардың ешқайсысы да сайлау заңдылығының бұзылғандығы туралы деректің, арыз-шағымның болмағанын хабарлады. Бәрінен бұрын бұл жолы ауа райының күрделілігіне қарамастан, сайлаушылардың белсенділігі жоғары болғанын айту ләзім. Тіпті, жолда қалған жолаушыларды сайлау учаскелері жабылмай тұрып ауылдарына қам-қарекеті жасалғанын да естіп жатырмыз. Мұның өзі жергілікті биліктің сайлауды ұйымдастыруға қаншалықты назар аударғанын көрсетсе керек. Мұны облыс сайлаушыларының 72 пайызының күндізгі 16.00 сағатқа дейін дауыс беріп үлгергенінен де аңғаруға болады.
Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына тек сайлауды өткізуді байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның ғана емес, шетелдік байқаушылар да қатысты.
Байқаушылар өз міндеттерін өз құзыреті шегінде, заң аясында абыройлы атқарды деу орынды. Сайлаудың әділ өткендігі сондай, соңынан ешқандай қаңқу сөз болған жоқ. Ең бастысы да осы. Және бір айтайын дегенім, «Нұр Отанның» – Президент Төрағасы болып табылатын саяси ұйымның 82,20 пайыздық көрсеткішпен жеңіске жетуі. Осы орайда, Мәжілістен басым орын алатын партия өзіне көрсетілген сенімді толықтай ақтау үшін жұмыс істейтініне сенімім кәміл.
Нұрлыбек МУСИН,
Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның Ақтөбе облысындағы өңірлік байқаушысы.
Ақтөбе облысы.

Бауыржан Әли қарсыласын 57 секундта құлатты
Бокс • Бүгін, 21:45
Ормұз бұғазы ашылды: Иран маңызды теңіз жолын қайта іске қосты
Әлем • Бүгін, 21:30
Қазақстанда ипотеканы өтеудің жаңа ережелері күшіне енді
Ипотека • Бүгін, 21:00
Алматыда су үстіндегі бақ пен EXPO орталығы салынады
Алматы • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:05
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48