24 Наурыз, 2016

Халықаралық нормаларға сай өткен сайлау

373 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
brifvib7Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде кезектен тыс парламенттік сайлаудың қорытындыларына арналған брифинг болып өтті Қазақстан елшілігінің Ресей­дегі кеңесші-елшісі Марат Сыз­дықов жиналған журна­лис­терді дауыс берудің қорытын­дыларымен және халықаралық байқаушылардың сайлауға бер­ген бағасымен таныстырды. Қазақстандық дипломат Қазақ­­стан Республикасы Орта­лық сай­лау комиссиясының нақты дерек­теріне сәйкес Пар­ламент Мәжі­лісіне үш пар­тия – «Нұр Отан» (82,2%), Қа­зақ­станның «Ақ жол» демо­кратиялық партиясы (7,18%) және Қазақстанның Ком­му­нис­тік халық партиясы (7,14%) өткенін хабарлады. Заң бойын­ша белгіленген 7%-дық табал­дырықты «Ауыл» халық­тық-демократиялық пат­риоттық пар­тиясы (2,01%), Жал­п­ы­ұлт­тық социал-демо­кратиялық пар­­тия (1,18%) және «Бірлік» сая­си партиясы (0,29%) еңсере алмады. Осылайша, депутаттық мандаттар төмендегіше бөлі­нетін болды: «Нұр Отан» – 84 мандат, «Ақ жол» – 7 мандат, ҚКХП – 7 мандат. Қазақстандағы парламенттік сайлаулар үшін рекордтық жоғары көрсеткіш болып табы­латын дауыс беруге келуші­лердің саны 72,12 пайызды құрағаны ерекше атап өтілді. Сарапшылар мен байқау­шы­лардың пікірлерінше, бұл Қазақ­стан азаматтарының құқық­тық мәдениетінің жоғары деңгейі мен өсе түскен саяси белсенділігінің айғағы болып табылады. Ресейде сайлауға барлығы 2 79­0 Қазақстан азаматы қатыс­ты. Мәскеу­дегі Қазақстан елші­лігінің жанынан құрылған және Қазақстанның Санкт-Петербургтегі, Омбыдағы, Аст­рахань мен Қазандағы консул­дық мекемелеріне келген сайлаушылар дауыс беруге тиістілердің 98,41%-ын құрады. Мәскеуде, тұтастай алғанда, 1 179 адам дауыс берсе, бұл қазақ­стандықтардың 97,04%-ы өздерінің азаматтық парыздарын орындады дегенді білдіреді. Тұтастай алғанда, Ресей бо­­йын­ша дауыс берген қазақ­стан­дық сай­лаушылардың таң­даулары төмендегіше бол­ды: «Нұр Отан» партиясы үшін – 87,98%; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық па­р­тия­сы үшін – 6,11%; Қазақ­стан­­ның Коммунистік халық пар­тиясы үшін – 3,83%; «Ауыл» халық-демократиялық пат­­риот­тық партиясы үшін – 1,02%; Жалпыұлттық социал-демо­кратиялық партия үшін – 0,73% және «Бірлік» саяси партиясы үшін – 0,33%. Сайлауды жоғары демокра­тия­лық талаптарға сай өткізу үшін қажетті барлық шаралар қабылданды. Қазақ­стан Рес­­пуб­ликасы Орталық сай­лау ко­мис­сиясының электораттық үде­рісінің мониторингі үшін шетелдік байқаушылардың үлкен бөлігі аккредиттелді. Шет мемлекеттер мен халықара­лық ұйымдардан (ТМД, ШЫҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ТМЫК және т.б.) жалпы саны 817 байқау­шы қатысты. Қазақстан Респуб­ли­касының Сыртқы істер ми­нистрлігі әлемнің 29 елінен 140 БАҚ өкілін аккредиттеді. Брифингтің соңында М.Сыз­дықов, халықаралық байқау­шылардың бағалауына сәйкес, сайлаудың ашық және мөлдір, халықаралық стан­дарт­тарға толық сай, сондай-ақ, Қазақ­станның Конституциясы мен сай­лау заңнамаларында қарас­ты­рылған ережелер мен нормаларға сәйкес өткенін атап көрсетті. Сәулебек БІРЖАН.