24 Наурыз, 2016

Құсқанаты

964 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
v_omske_vypal_pervyy_vesenniy_sneg_thumb_fed_photoНаурызда жауған қарды халқымыз жақсы ырымға жориды. Бұл кезде қар жауса, жыл жақсы, астық мол болады деп болжам жасайды. Шынтуайтына келгенде, осы бір халықтық күнтізбе көп жағдайларда дәлме-дәл, айнымай келіп жататын көріністер табиғатта жиі кездеседі. Айтайын дегеніміз, 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Ақжайық аспанынан жапалақтап жауған ақша қар кешке дейін бір толастамады. Бір тынбады. Наурыздың ақша қары осылайша Ақжайық атырабын бір демде ақ көрпеге орады да тастады. Аппақ қар, кіршіксіз ақ көңілдер адамдардың алдағы армандарына жол ашқандай күн болды. Наурыздың ақша қары жөнінде халқымыздың ауыз әдебиетінде де айтылатын әпсаналар аз емес. Соның бәрі тек тамсанумен және шексіз сүйіспеншілікпен айтылады. Міне, қараңыз! «Қыз Жібек» эпосында былай делінбеуші ме еді. Қыз Жібектің ақтығы, Наурыздың ақша қарындай. Ақ бетінің қызылы, Ақ тауықтың қанындай. Тамаша емес пе?! Сүрі қарды ерітіп, жердің бетінің жылуына жол ашатын бұл қарды құсқанаты дейді халқымыз. Наурыздың осы ақша қары алдағы ырыс көзіне, мереке бастауына айналсын! Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». Батыс Қазақстан облысы.