14 Қаңтар, 2011

Биіктеген бедел – бағындырған белес

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қашанда қоғамдық-саяси өмір­дің бел ортасынан табы­ла­тын теміртаулықтардың бүгінде ел тыныс-тіршілігіндегі белсенділіктері де ерекше. Бұл ретте жұртты жасампаз істерге жұ­мылдыруда «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының ықпалы зор. Ол осы күнде 7 мыңнан астам азаматты қатарына қам­ты­ған облыстағы ірі ұйымдардың бірі саналады. Олардың ара­сынан сайланған делегаттар кезекті есеп беру-сайлау конфе­рен­циясында алда тұрған міндеттерді бірге талқылады. Сөз сөйлеушілер атап өт­кен­дей, қалада партия беделі жыл­дан жылға нығайып келеді. Был­тыр «Нұр Отанға» 192 адамның өз еркімен мүше болуы – соның жарқын айғағы.Филиал біріктірген 15 бастауыш ұйым пар­тия­лық бағдарлама­ларды іске асы­рудың ұйытқысы болып отыр. Барша қазақ­стан­дықтардай, те­мір­таулық нұр­отандықтар да Қазақстан Рес­публикасының Тұң­ғыш Президенті Н.­Ә.На­зар­баевтың мемлекетімізді басқа­рудағы өкілет­тігін ұзартуға бірауыздан қол­дау көрсетуде. Конференцияда «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығма­ту­лин сөз алып, есеп беру-сайлау жиналыстарының бірінші ке­зеңі аяқталғанын, оның 6 мың бастауыш партия ұйымдарында үлкен белсенділікпен өткенін айтты. Бұл жиындарда партия­ның 2020 жылға дейінгі бағ­дар­ламасы жобасы кеңінен талқы­ланғаны аталды. Ақпан айында болатын съезде қабылданатын жаңа бағдарлама «Нұр Отан­ның» іс-қызметіне тың серпін береді. Жиналыста қалалық филиал ұйымының іс-шаралары белгіленді. Айқын НЕСІПБАЙ, Теміртау.