25 Наурыз, 2016

Қызығушылық

403 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
1_2_fotoАқтөбе – жер асты қазба байлық­тары­на бай өңір. Жері кең, мал өсіруге қолай­лы, мал азығындық және дәнді дақы­л­дар өндіруге де жағдай бар. Мұн­да экономиканың егіз саласы – өнер­кәсіп пен ауыл шаруашылығын тең дамы­ту­дың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ, об­лыс­та инвестиция тартуға қолайлы ахуал қалыптасқан. Сондықтан болар, жаңа жобаларды жүзеге асыруға отан­дық инвесторларды былай қой­ғанда, шетел­діктердің өзі назар аудару­да. Бұған жер­гі­лікті биліктің осы бағыттағы жүйелі жұмысы да алғы­шарт жасап отырғанын атап өткен жөн. Жақында Түрік Республикасының бизнес қауымдастығының өкілдері өңір­де бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруға деген оймен келді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев түрік кәсіпкерлерін қабылдап, осы бағытта өзара ой бөлісті. – Облыста инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Әртүрлі преференциялар қарастырылған, қажет болғанда мемлекеттік бағ­дарламаларды пайдалану мүмкіндігі бар. Біздің облыс – авто­мо­биль жолдары, теміржол және әуе қатынасы жақсы дамыған аграрлы-ин­дус­триялық өңір болып табылады. Бар­лық инфрақұрылымы жүргізілген индустриялық аймақ жұмыс істейді, – деп атап өтті ол. Кездесу барысында бұдан арғы ынтымақтастық мәселелері талқы­ланды, түрік бизнес өкілдері өздері жүзеге асырмақшы бес ірі жобамен таныстырды. Оның ішінде Ақтөбе қаласының аграрлық-индустриялық аймағында жылдық қуаты 7500 тонна биологиялық құрамажем өндіретін зауыт, 5,2 гектарға шампиньон, қызанақ өсіретін жылыжай салынатын болады. Индустриялық аймақта сыйымдылығы 2200 тонна батыстық технологияға негізделген көкөніс қоймасы іске қосылмақ. «Tades» компаниясының бас­қарма төрағасы Эрдинч Селви азық-түлік тағамдары мен тоқыма бұйым­дарын өндіретін ірі төрт кәсіп­орын­ның қожасы болып табылады. Ірі кәсіпкер айналдыр­ған бес ай­дың ішінде облыста төрт өндіріс ашуды көздеуде. Оның бірі ерлер көй­лектерін толық циклды тігетін тоқы­ма зауытын түрік кәсіпкері үш айда пайдалануға беруді жоспарлауда. Оның айтуынша, жоғары сапалы дайын өнімдер ішкі және сыртқы нарыққа қолжетімді бағамен өткізіледі. Бұдан басқа, ол азық-түлік тағамдарын өндіретін зауыт салмақшы. Нәтижесінде, 1000 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Осы екі жобаның өзінің құны 50 миллион АҚШ долларын құайды. Сондай-ақ, Эрдинч Селви Ақтөбеде жылына 2 миллион тонна бидай, 500 мың тонна арпа, 500 мың тонна жүгері өңдеп, макарон, жарма, тауықтарға, малға бері­ле­тін жем түріндегі дайын өнімдер өнді­ре­­ті­н ірі фабрика салуды қолға аатын болады. Өңір башысы өз кезегінде инвес­тор­ларға жер телімін бөлуге, қажет жағдайда өндірісті іске қосуға мем­лекеттік қолдау көр­сетілетінін атап өте келіп, бұл жоба­лар­дың барлығын қолдайтынын жеткізді. Шетелдік инвесторлар сапар аясында «Ақтөбе» индустриялық аймағында болып, өңірдің инвес­тиялық мүмкіндігімен және әлеуе­тімен танысты. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.