Бір өкініштісі – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бүгінде Қазақстан әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген ел ретінде үшінші орынға шығып отыр. Осыған байланысты депутат Үкімет басшысынан Ішкі істер, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктеріне және өзгелеріне аталған мәселе бойынша нақты тапсырмалар беруді сұрады.
Ирак Елекеев көтерген мәселеге Астана қаласы «Жастар» шағын ауданы аумағында орын тепкен мұсылман зираты арқау болды. Депутат аталған зираттың бес жүз жылдық тарихы барлығын айта келіп, мұнда көптеген елге белгілі адамдардың, соның ішінде әр түрлі ұлт өкілдерінің жерленгендігін де ескерте кетті. Мұнда жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен жауынгерлер, осыдан 170 жыл бұрын хан болып көтерілген Кенесары сарбаздары, тіпті украин, орыс, еврей, поляк, ұйғыр, әзірбайжан және неміс ұлтының өкілдері де жатыр, деді ол. Сондай-ақ Кенесарының өзін лайықты жерлеу қажеттігін де айта келіп, Ресей жағы Смағұл Сәдуақасовтың сүйегін алып кетуге рұқсат еткендіктен, осында әкеліп жерлеу қажеттігін де тілге тиек етті. Сөйтіп, аталған зиратты мемориалды саябаққа айналдыру керек деп санайды депутат. Ал әзірге ол қаңғыған иттердің тұрағына айналып, құлпытастары бүліне бастаған.
Сенат тарапынан «Медиация туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және осы заң жобаларына ілеспе заңдық құжаттарға енгізілген өзгерістерді қарастырған депутаттар әріптестерінің уәждерімен келісті. Сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі, ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңдық құжаттарға Сенат енгізген өзгерістер де қолдау тапты. Осы ретте 1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын ратификациялауға қатысты заң жобасы да мақұлданды.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.

«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35
Өзі құрастырған ұшақ алғашқы ұшуда апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 12:06
Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты
Спорт • Бүгін, 11:49
Тайвань төңірегіндегі шиеленіс: Қытай теңіз операциясын қолға алды
Әлем • Бүгін, 11:32
Петропавлда анасын өлтірген әйел 9 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:22
Арменияда парламент сайлауы басталды
Саясат • Бүгін, 10:52
Бүгін отандасымыз Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ойнайды
Спорт • Бүгін, 10:37