26 Наурыз, 2016

Каспийдегі навигация жаңғыртылған жүйеге алмастырылады

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әскери-теңіз күш­теріне арналған спутниктік навигацияҚазақстанның Қарулы Күш­терінде Әскери-теңіз күш­теріне арналған спутниктік навигация жүйесі бар құрал-жаб­дықтарды шығару басталды. Мұндай жүйе елімізде алғаш рет қолданылуда. Қазіргі уақытта «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны – «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ спутниктік навигация жүйесі бар құрал-жабдықтарды жобалады және шығара бастады. Ол ескірген және тозығы жеткен жаб­дықтарды жоспарлы түрде ауыстыруды көздейді. Сондай-ақ, маяк­ты жабдықтар мен жағалық жарықтандырғыш белгілерді жобалау мен шығару да жоспарлануда. Каспий теңізінің қазақстандық секторында кеме қатынасының қарқынды өсуіне байланысты аталған құрал-жабдыққа деген қажеттілік теңізде жүзу қауіп­сіздігін арттыруда да өзекті бо­­лып отыр. Өйткені, экипаж­дар мен жолаушылардың аман­дығы мен жүктердің және өзге де материалдық нысандардың қауіпсіздігі заманауи құрал-жаб­дықтар орнатылуына тікелей байланысты. Ал кемелердегі апатты жағдайлардың орын алуының бір­ден-бір себебі олардың айлаққа немесе айлақтың су айдынына кіруі кезіндегі навигациялық олқылықтар болып табылады. Теңізде жүзу қауіпсіздігі проб­лемалары құрамдасының бірі теңіз арналарын, фарватерлерді, ұсынылған бағыттарды арнайы құ­рылғылар мен белгілердің, яғ­ни буй, меже, жарқырағыш бел­гілердің көмегімен күндізгі және түнгі уақыттарда теңізге жеке навигациялық қауіп­терді белгілеу саналады.  «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30