жаңа жаңғыру жолына түсті
Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» волейбол клубы тұңғыш рет Қазақстан ұлттық лигасының чемпионы атанды. Облыс орталығында бір аптаға созылған ұлттық лиганың ерлер командалары арасындағы Геннадий Гончаровты еске алуға арналған ел чемпионатының төртінші айналым ойындары барысында үздік шыққан Өскемен клубы жерлестерінің ризашылығына бөленді. Ел біріншілігін ұтқан «Алтай» клубы Азия чемпионатына шықты. Аталған матчты өңір басшысы Даниал Ахметов тамашалады.
Өткен жылы өңір басшысының тапсырмасы бойынша, Өскемен мен Семей қалаларының волейбол командалары біріктірілген болатын. Осы арқылы бюджетті үнемдеуге ғана емес, жақсы нәтижелер көрсетуге де қол жеткізілгенін байқауға болады. «Алтай» клубының бас жаттықтырушысы Игорь Никольченконың айтуынша, бүгінде волейболшылардың сәтті ойын көрсетуіне барлық жағдай жасалып отыр. Жаттықтырушылар мен жерлестерінің білдірген сенімін ақтау үшін шығысқазақстандық волейболшылар әр ойында жеңіске жетуге бар күш-жігерін жұмсап келеді.
– Екі клубты біріктіру арқылы біз ең үздік волейболшыларды іріктедік. Қаржымызды үнемдеуге қол жеткіздік. Жерлестеріміз өз күш-жігерін ортақ мақсатқа біріктіруінің нәтижесінде үлкен табыстарға жете бастады. Күрделі жұмыстың алғашқы нәтижесі, Шығыс Қазақстан облысының өз тарихында алғаш рет ұлттық чемпионатта топ жаруы дер едім. Дәл осы іспетті жүйемен «Алтай» футбол клубы да жұмыс істеуде. Келесі маусымда футболда да жаңа биіктерді бағындырамыз деп үміттенемін, – деді облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының басшысы Елдос Шікенов.
Қазіргі кезде жеңімпаз команда Азия чемпионатына қызу әзірлік үстінде. Волейболдан 16 команда қатысатын құрлықтық бәсеке Мьянме қаласында 23-31 тамыз аралығында өтеді.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44