ШЫМКЕНТ. 28 наурыз. Шымкент қаласында халықаралық инвестициялық форум өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевтың айтуынша, «Ontustik Invest - 2016» форумы осы жылдың 28-29 сәуірі күндері «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде өтеді. Ол облысты шетелге танытуды және өңірге шетел инвестициясын тарту мақсатында ұйымдастырылады.
«Ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика салалары біздің өңір үшін маңызды тақырып. Себебі, бұл салалар басқа өңірлермен, елдермен салыстырғанда біздің аймақта жақсы дамыған. Сондықтан, өңірге шетелдік инвесторлардың қызығушылық танытуы заңдылық. Мәселен, көршілес Қытай мемлекетінде біздегі органикалық таза, сапалы тағамдар жоғары сұранысқа ие. Ондағы баға ұсынысы да біздің кәсіпкерлердің көңілінен шығады. Бүгінде келіссөздер жүргізілуде. Міне, осындай жан-жақты жұмыстардың арқасында облыс шаруалары өнімдерін экспорттауға мүмкіндік алады. Сол себепті, бұл форумның ОҚО үшін маңызы зор», деді облыс әкімінің орынбасары.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше