50 гектар жерді қамтитын алма бағы алқабына көшет отырғызып жатыр
Жамбылдық фермерлер «бірлік болмай тірлік болмайтынын» жақсы түсінген сияқты. Облыстың Жамбыл ауданында 30 шаруашылық бірігіп, үлкен бір тірлікті қолға алды. Атап айтар болсақ, «Алтын алма» кооперативі 50 гектар жерге алма бағының көшетін отырғызып жатыр.
– Бұл жерде алманың 7 түрі өсірілетін болады, – дейді кооператив төрағасы Рашид Шоңбаев. – Барлық көшеттерді Польшадан әкелдік. Агрономдардың айтуына қарағанда, алма көшеттері біздің топырақта өсіп-өнуге қабілетті. Әрине, күтіп-баптау мәселесіне көп мән беру қажет. Сондықтан бізде арнайы технологиялық карта жасалған. Жұмыс сол бойынша жүреді. 2017 жылы алғашқы өнімді жинаймыз деген жоспарымыз бар.
Жобаның жалпы құны 470 миллион теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығын қолдау қоры бойынша субсидия алған. Қазір облыста 400 гектардан астам осындай қарқынды бау бар.
– 2-3 гектар жері бар шаруаларға несие мен техника берілмейді. Сондықтан шаруалар кооперация туралы заңның тиімді екеніне көздері жетті. Бірігудің арқасында олардың үлкен аумақты игеріп, қомақты несие алуға мүмкіндіктері бар. Биылдың өзінде осы қарқынды бау егуге 1,5 миллиард теңге инвестиция тартылмақ, – дейді Жамбыл ауданының әкімі Мәден Мұсаев.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.

Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше