ҚАРАҒАНДЫ. 29 наурыз. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің басшысы болып Ибрагим Күлшімбаев тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаңа басшыны Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер таныстырды.
Ибрагим Дәукесұлы Күлшімбаев Қарағанды облысының Нұра ауданындағы Амантау ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Автокөлік және автокөлік шаруашылығы» мамандығы, инженер-механик біліктілігі бойынша тәмамдаған.
2004 жылы Ресей төтенше жағдайлар комитетінің Азаматтық қорғаныс академиясын бітіріп, «Азаматтық қорғау жедел-тактикалық командалық-штабтық» мамандығын алып шықты. Жаңа басшы азаматтық қорғау саласында мол тәжірибе жинақтаған. 1995 жылы институтты тәмамдаған соң, Семей облысындағы әскери бөлімнің танк взводында қызмет еткен.
2009-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты № 52859 әскери бөлімді басқарды.
Ибрагим Күлшімбаев орман өрттерін сөндіруге, Оңтүстік Қазақстанда Сырдария арнасындағы Көксарай бөгетінің құрылысын салуға, Қарағандыдағы «Бесоба» тұрғын үй кешенінде құлаған үйлердің қирандысын тазалауға, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай ауданында болған тасқын судың зардабын жою жұмыстарына көмегін тигізген.
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл», ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл», сондай-ақ, «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін», «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» медальдарымен марапатталған.
Жаңа тағайындауға дейін полковник Ибрагим Күлшімбаев Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы болған.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, фото: Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше