Көктемнің алғашқы айы да тарихи оқиғаларымен тарих парағына соңғы күндерінің дерегін жазып қалдыруда. Биыл Оңтүстікке «ақ киімді денелі ақ сақалды, соқыр, мылқау танымас тірі жанды» қысыңыз қонаққа келмеді десе де болады. Осыны пайдаланған диқандар пленка астына егетін көшеттерін жерге сіңіріп үлгерді.
Азық-түлік, оның ішінде көкөніс, бау-бақша, ет өнімдері басқа өңірлерге қарағанда Оңтүстік Қазақстанда арзан. Мысал үшін айтайық, картоп деген дақыл биыл көтерме базарда 40-50 теңгеден сатылды. Республика бойынша жылыжайлардың 87 пайызы Оңтүстікке тиесілі болғандықтан қызанақ, қиярларыңыз да өзге облыстарға қарағанда бағасы төмен.
Ал сарышұнақ аяз, қалың қардан енді құтылып, есін жинаған өңірлерге көкөніс әбден керек. Осыны ескерген облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың бастамасымен Ақтөбе облысына 175 тонна азық-түлік жөнелтілді. Шымкенттегі халықаралық жолға тоғысатын жол аймағынан 76 тонна көкөніс, 32 тонна ет және 14 тонна картоп тиеген керуен сапарға аттанып кетті.
Олар Ақтөбеге жеткен соң ауылшаруашылық жәрмеңкесін ұйымдастырады. Оңтүстік Қазақстан облысы – аграрлы облыс. Өңірде 45 ет өңдейтін, 38 сүт фабрикалары, көкөніс және жеміс-жидектерді өңдейтін 35 кәсіпорын бар. Жоғарыда аталған өнімдерден бөлек, жәрмеңкеде сәбіз, пияз, балық және сүт өнімдері, жұмыртқа саудаланады. Керуенді аттандырған ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері бұл тауарлардың 15 пайыз жеңілдікпен сатылатындығын айтады.
Ертеде бір кейуана соғым сойғанда келініне «мынаны ұзын сары келгенде асарсың» деп жал-жая, қазы-қартадан бөлек сыбаға дайындатқан екен. Көктемнің ең ұзақ күндерін, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін көкөзек шағын халқымыз «ұзын сары» деп атайды. Осы сөздің мәнін түсінбейтін келін қайдан білсін. Үйге ұзын сары кісі келгенде «енем айтқан қонақ осы екен» деп көктемге сақтағанын түгел қазанға салған екен.
Сол айтқандай, қыс құрсауынан енді шыққан ағайынға көкөністен бастап, бәрі керек. Бір-бірінің керегін біліп, маркетинг жасауды Елбасымыз өңір басшыларына талай рет айтқан. «Ұзын сарының» сыбағасын апара жатқан керуеннің бір мақсаты – осы.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15