Кеше Қазақстан және АҚШ ғалымдарының қатысуымен Ұлттық музейде және Назарбаев Университетте бірқатар кездесулер өтті. Аталған шара «National Geographic Қазақстан» журналы қазақша нұсқасының жарық көруіне орай ұйымдастырылып отыр.
Кездесу қонақтары – екі дүркін Пулитцер сыйлығының иегері Пол Салопек пен танымал АҚШ ғалымы Александр Моен. П.Салопек бүкіл әлемді жеті жыл бойы жаяу шарлап өтуді мақсат етіп келе жатқан зерттеуші, жиһангез-жазушы. Сол сапары аясында ол қазір Қазақстанға келіп жетті. Ал А.Моен «Out of Eden Walk», яғни «Эденнен басталған саяхат» немесе «Әлемдік серуен» және «Genography» жобаларына жетекшілік ететін үлкен ғалым. Сонымен қоса, бұл шараға қазақстандық белгілі антрополог, археолог ғалымдар, жазушылар мен фотографтар қатысты.
«National Geographic Қазақстан» журналының тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көруі, әрине, айтулы мәдени оқиға. Соған орай Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай басылымның маңыздылығы туралы айтып өтті.
– «National Geographic Қазақстан» журналы қазақша нұсқасының жарық көруіне Елбасының өзі көңіл аударып, жоғары баға берген болатын. Сондықтан да, осы істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс білдіргім келеді. Әлем бойынша 700 миллион аудиториясы бар бұл басылым біздің елімізді жаһанға танытып қана қоймай, туристердің қызығушылығын да оятады деп ойлаймын. Сол себепті де, біз екіжақты әріптестік орнатып, әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Д.Мыңбай.
Сондай-ақ, «National Geographic Қазақстан» қоғамдық зерттеу бағдарламалары вице-президенті Александр Моен Ұлттық музейден алған әсерімен бөлісіп, көрсеткен қолдауларға алғыс айта келе, «National Geographic Қазақстан» журналының атқарып келе жатқан басты миссиясына тоқталып өтті.
– Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне арнайы экскурсияның нәтижесінде Қазақ елінің терең тарихымен, бай мәдениетімен кеңінен танысып, ерекше әсер алып шықтық. «National Geographic Қазақстан» журналының басты міндеті жазушылардың, ғалымдардың жұмыстарын жариялау арқылы қоршаған ортаны тану және оны қорғау болып табылады. Қазақстан тарабы бізбен бірігіп, әріптестік орнатып жатқанына қуаныштымыз. Орталық Азияда әлі де болса айтылмай жатқан дүниелер жетерлік. Алдағы уақытта осы жұмыстарды атқару үшін үлкен мақсаттар қойып отырмыз, – деді А.Моен.
Белгілі жиһанкез Пол Салопек болса, Ұлттық музейдегі адамзат тарихының құнды жәдігері болып табылатын сирек экспонаттардың сақталу, насихатталу жұмыстарына жоғары баға берді. «Әлемдік серуен» жобасына кеңінен тоқтала келе:
– Ұлттық музейдің залдарын аралап, айрықша әсер алдық. Мемлекет барлық жағдайды жасап отыр екен. Бұл құптарлық саясат деп ойлаймын. Мен қазіргі уақытта «Әлемдік серуен» жобасы аясында жүз мың жыл бұрын ата-бабаларымның табаны тиген жолдармен жүріп келемін. Саяхатымды 2013 жылы қаңтар айында Эфиопия елінен бастадым. Осы жолда кездескен адамдардан естіп-білген әңгімелерді жазып, кейін оның бәрін ғылыми еңбек үшін пайдаланамын, – деді.
Сонымен қатар, жиын барысында тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көріп жатқан «National Geographic Қазақстан» журналы мен беделді басылым қозғайтын география, археология, антропология салаларындағы соңғы жаңалықтар сөз етілді.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
• 31 Наурыз, 2016
«National Geographic Қазақстан» журналы жарық көрді

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48