жарықтандыруға жұмсалатын энергияны 60 пайызға үнемдейді
Өңір басшысы Даниал Ахметов пен Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Джанет Хэкман Шығыс Қазақстан облысындағы екі жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Қос жобаның жалпы құны 7,7 миллиард теңгені құрайды. Оның басым бөлігі Еуропа қайта құру және даму банкінің қаржысы. Сондай-ақ, Үкімет гранты мен жергілікті бюджет қаражатының да үлесі бар. Несие қаржысы аталған банктің берген қарызының мөлшерінде ғана қайтарылмақ. Несиені құю мерзімі 10 жылға есептелген. Осы қаржы арқылы Өскемен мен Семей қалаларындағы көше шамдары қуат үнемдейтін жоғары технологиялы шамдарға ауыстырылмақ. Қос жоба көшелерді жарықтандыруға жұмсалатын шығынды 60 пайызға дейін азайтады деп күтілуде.
Облыс орталығы мен Семей қалаларындағы көшелердің қазіргі жарықтандыру жүйесі энергияны жұмсау жағынан аса тиімді емес. Басым бөлігінің тозығы жеткен. Осыған орай, облыс әкімдігі Еуропа қайта құру және даму банкімен бірге қос қала көшелерін жарықтандыруды жаңғырту жобасын қолға алды. Жоба бойынша жаңғырту жұмыстары барысында электр шамдарының бағандарына дейін толық ауыстырылып, жаңа тіректер орнату, жекелеген трансформаторлық подстансаларды сатып алу жұмыстары жүзеге асырылады. Сонымен бірге, орталықтандырылған басқару пункті және жүйені бақылауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету құрылымы енгізілмек. Облыс әкімдігі хабарлағандай, аталған жобаларды жүзеге асыру бір жылда Өскемен қаласында – 40,7 миллион, Семей қаласында 30,8 миллион теңге қаражатты үнемдеуге жол ашады.
– Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Нұрлы Жол» бағдарламасын орындау аясындағы бюджет ресурстарынан бөлек Еуропа қайта құру және даму банкінің немесе кез келген басқа да әлемдік институт қызметімен байланысты қаржы көздерімен жұмыс істеудеміз. Және қазіргі әлеуетімізді толығымен жүзеге асырудамыз. 22 миллиард – бұл жұмыстың бастауы ғана. Облыста ондаған жылдар бойы шешімін таппаған күрделі мәселелер бар. Мәселен, Бұқтырма су қоймасымен өтетін көпір өткелінің құрылысы. Жақын арада аталған инфрақұрылымның құрылысы басталатынына сенімдімін, – деді Даниал Ахметов.
Өз кезегінде Джанет Хэкман барлық жобалардың энергиялық тиімділікті арттыруға бағытталғанын, бұл Қазақстанның «жасыл экономиканы» дамыту мақсатымен үндес екенін атап өтті.
Айта кетелік, 2015 жылдың желтоқсан айында Семей қаласындағы сумен қамту және су желілері жүйесін жаңғырту бойынша 11 миллиард теңге көлемінде несиелік келісімге қол қойылған еді. Қазіргі кезде Өскеменде Еуропа қайта құру және даму банкінің кеңсесі жұмыс істейді. Банк шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын несиелендіруде.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11