Байтақ Отанымыздағы мыңдаған мектептерді бітіргелі отырған түлектердің көкейіндегі бір ғана сұрақ, биыл ҰБТ қалай өтер екен, не жаңалығы бар екен дегенге саятыны белгілі.
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі таяуда осыған қатысты байламын таратты. Оған көңіл аударар болсақ, үстіміздегі жылы тест тапсыру мерзімі маусым айының 1-і мен 15-і аралығында өтеді екен. Емтихан талабында көрсетілген шекті деңгейдегі балды жинай алмаған бітірушілер үшін ағымдағы жылы мүдделілерге тағы бір мүмкіндік жасалмақшы. Ол бойынша алдағы тамыз айында барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында орналасқан базалық жоғары оқу орындарында үміткерлер үшін тестілеуді қайта өткізу көзделіп отыр.
Осы арада мына бір мәселені жұртшылықтың назарына сала кетелік. Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыруға болатын жоғары оқу орындарының тізімі министрліктің тарапынан айқындалады екен. Алда айтқан шекті деңгейді жинай алмаған түлектер тестілеу кезінде 4 пән бойынша бақтарын сынайды. Ол пәндердің қатарында бірінші – оқыту тілі, екінші – Қазақстан тарихы, үшінші – математика, төртінші – таңдау пәні, бұл бейінді деп те аталады. Тестілеуге екінші рет қатысатын талапкер сынаққа қатысу үшін қандай құжаттар әзірлеу қажет дегенге берер жауап: тұрғылықты жеріне қарай жақын орналасқан базалық жоғары оқу орындарына өзінің өтінішін беріп, оған қоса 3х4 суретін және орта мектепті немесе техникалық және колледж бітіргендігі туралы құжаттарын тапсырса болғаны. Қайта тестілеу рәсіміне қатысып, сынақ тапсыратын талапкерлер 2 242 теңге төлейтінін де назарға сала кетсек дейміз. Бұл жоғары оқу орындарында оқуға ниет еткен жастарға жасалып отырған мол мүмкіндік деп білеміз. Жалпы, кейбір білім ұялары, яғни мектептер өздерінің беделін ойлап, көп жағдайда нашар оқиды деген түлектерді тестілеуге жібермейтін әдет біраздан бері жалғасып келеді. Биыл осы мәселе өз шешімін тауып, ұмтылған жасты ҰБТ-ға жіберу жағын, оқушыны алаламай қатаң ескерсек, құба-құп болар еді. Нашар дейтін түлек те сол білім орнының, мұғалімдерінің «жемісі» емес пе?
Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан».

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11