Қазақстан, Ресей және Беларусь теміржолдарының басшылары Бірлескен көліктік-логистикалық компания (БКЛК) моделін дамыту жайын уағдаласты. Мәскеуде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин, «Ресей теміржолдары» ААҚ президенті Олег Белозеров және «Беларусь теміржолының» бастығы Владимир Морозов кездесу барысында БКЛК-ны дамыту жайын талқылады.
Тараптар компанияның 2015 жылы атқарған жұмысын қорытындылап, биылғы жыл басынан бергі жұмысы мен «БКЛК» АҚ-тың даму болашағын қарастырды. Компания басшылары «БКЛК» АҚ операциялық модулінің негізгі тәртіптерін реттеуді, оның ішінде Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы арасындағы теміржол шекарасындағы серіктестік аясын кеңейту жайын келісті.
«БКЛК» АҚ контейнерлік бағытының негізі болып табылатын Достық/Алтынкөл –Брест және кері қарайғы бағыты мен басқа да қосымша маршруттар тараптар жобаларының дамуына сәйкес бекітіледі. Тараптар өздерінің еншілес компаниялары мен қарамағындағы кәсіпорындардың барлығын бірыңғай тариф саясатымен қамту, сондай-ақ, Еуразия аумағындағы нарықтағы жүк тасымалдаушылардың да бірегей саясат ұстануын қолдады.
«БКЛК» АҚ жаңғыртылған операциялық моделі нарықтық жағдайдың талабына орай қызмет құнын төмендету мен сапалық деңгейін көтеру мақсатында жылжымалы құрамдар мен логистикалық компанияларды сырттан тартуға рұқсат береді. «БКЛК» АҚ – біз үшін ықпалдастық алаңы. Тап осындай модель барлығымызға да бастапқыдағы жоспарларымызды тең құқықтық негізде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 2015 жылы «БКЛК» АҚ-тың жүк тасымалы көлемі артты. Биылғы жылы одан да өсіре түсуді көздеп отырмыз», – деп атап өтті «РТЖ» ААҚ президенті.
Ол кездесу барысында қатысушыларға Ресей үкіметінің «БКЛК» АҚ аясында атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар екендігін, соған орай «РТЖ» АҚ-тың стратегиялық мақсаттағы ауқымды жобамен жұмысын жалғастыруын қолдап отырғандығын жеткізді.
«Жаңа модель контейнерлік тасымалдың дамуына ықпал етеді. Ол қазіргідей аймақтағы тауар айналымы төмендеп, экспорттық-импорттық тасымал азайған тұста транзиттік тасымалдаудан қосымша табыс табуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин.
Өз кезегінде Беларусь теміржолының басшысы Владимир Морозов: «Бүгінгі таңда контейнерлік тасымалдау сегменті бірден-бір өсім беріп келе жатқан тұс. БКЛК жобасы біз үшін өте маңызды. Ол біздің теміржол әкімшіліктерімізге транзиттік тасымалдау көлемін арттырып, қосымша жүктерді тартуға да ынталандырады», – деп атап өтті. Сөйтіп, үш елдің теміржол компанияларының басшылары «БКЛК» АҚ-тың 2025 жылға дейінгі бизнес-жоспарын жасау мен акционерлік келісімдерді түзуге уағдаласты.
Сондай-ақ, «БКЛК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы өткізілді. Онда АҚ-тың бұған дейін бірінші вице-президенті қызметін атқарған Алексей Гром бірауыздан жаңа президент болып сайланды. Сонымен қатар, жаңадан директорлар кеңесі мен компанияның басқарма құрамы жасақталды.
* * *
«Бірлескен көліктік-логистикалық компания» АҚ 2012 жылғы мамырдың 31-інде Біртұтас экономикалық кеңістіктің көліктік-логистикалық жүйесін дамыту жөніндегі меморандумға және 2013 жылғы 29 мамырдағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешіміне сәйкес, 2014 жылғы қарашаның 13-інде Еуразиялық экономикалық одақтың – Қазақстан, Ресей, Беларусь теміржолдары әкімшіліктерінің өзара келісімшарттарына орай құрылған болатын.
«БКЛК» АҚ-тың жарғылық қоры 39,7 млрд. рубльді құрайды. Компанияның құрылтайшылары «Ресей теміржолдары» ААҚ (99,84%), «Беларусь теміржолы» МК (0,08%) және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ (0,08%) болып табылады. «БКЛК» АҚ-тың 2015 жылғы тасымал көлемі 48,3 мың TEU-ге жеткізілді. 2016 жылы бұл көрсеткішті 70 пайызға арттырып, 80 мың TEU-ге жеткізу көзделіп отыр.
Сәулебек БІРЖАН.

Оқушыларға барлық жағдай жасалған
Білім • Кеше
Білім • Кеше
Білім • Кеше
Тағы бір колледж халықаралық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шықты
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026
Әлем және Азия рекорды: Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
Бейбітшілік кеңесі туралы тағы бір мәлімет: Ақорда түсініктеме берді
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2026
Богданович мұздығында қар көшкіні қаупі жоғары
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Олимпиада-2026: Фристайл-акробатикадан ел намысын кімдер қорғайды?
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
23 қаңтарда Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • 22 Қаңтар, 2026
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Марапат • 22 Қаңтар, 2026
Қазалыда теміржол үстінен өтетін аспалы көпір ашылды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Отаншыл маман даярлауды басты мақсат санаймыз
Пікір • 22 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент • 22 Қаңтар, 2026
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026