Облыс көлемінде өтіп жатқан «Жаныңда жүр жақсы адам» қайырымдылық акциясына «Тарлан» көп салалы колледжінің студенттері де бейжай қарай алмады. Колледждің күндізгі оқу бөлімінің №201 топ студенттері физика пәнінің мұғалімі Жанат Қожанованың басшылығымен қайырымдылық акциясы аясында «Алға» балалар үйіне барды. Студенттер өздері жинаған қаражаттарына балалар үйінің өтініші бойынша 10 дана үтікті сыйға тартып, концерттік бағдарлама ұсынды.
– Жақсылық жасау ізгі қасиет деп есептеймін. Тағдыр тәлкегімен балалар үйінде өсуге мәжбүр болған бүлдіршіндердің жабырқау көңілдеріне бір сәтке болса да қуаныш сыйлайықшы деген мақсатпен сонда бардық. Студенттер өздерінің шәкіртақысынан азын-аулақ сый-сияпат жасауды да естен шығармады. Арнайы концерттік бағдарламамызды тарту еттік. Балалар үйінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстық. Ал, студенттер үшін осындай игі істердің берері мол деп есептеймін, – дейді топ кураторы Жанат Қожанова.
«Алға» балалар үйіне барған колледж студенттері қайырымдылық пен мейірімділіктің, адамгершіліктің өмірде қаншалықты қажет екендіктерін сезінді. Өмірде қателесу, шалыс басу сәби жүрегіне қаншалықты қиындық тудыратынына көз жеткізгендей болды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10