Өскеменде Қазақстанның волейболдан әйелдер командалары арасында XXIV ұлттық лига чемпионаты мәреге жетті. Оның қорытындысында жергілікті «Алтай» клубы чемпион атанды.
Өскемендіктер финалдық кездесуде Талдықорғанның «Жетісуын» ұтты. Чемпиондарға алтын медаль мен кубогты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов табыс етті. Жеңімпаздар, сондай-ақ, облыс әкімдігінің 5 миллион теңгелік сертификатын алды. «Алтайдың» үш ойыншысы волейбол федерациясының арнайы сыйлығына ие болды. Атап айтқанда, біріншілікте ерекше көзге түскен Ирина Лукомская – үздік байланыстырушы, Ольга Бирюкова үздік шабуылшы деп танылса, Инна Матвеева ең бағалы ойыншы атанды. Енді «Алтай» әйелдер волейбол клубы ағымдағы жылдың 3-13 қыркүйек күндері Филиппинде өтетін клубтық командалар арасындағы Азия біріншілігіне қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» ерлер волейбол құрамасы да ел чемпионатын ұтып, құрлықтық бәсекеге жолдама алған болатын.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10