АСТАНА. 31 наурыз. Испанияның Кадис провинциясында ұлттық полиция қызметкерлері заңсыз жолмен 3,4 тонна гашиш есірткісін тасымалдағандарды қолға түсірді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Андалусия қаласының билігі бұл істің 25 наурыз күні болғанын мәлімдеді. Полиция басқармасына Ла-Линеа-де-ла-Консепсьон муниципалитетіндегі жағажайда гашиш есірткісін тиеп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп жеткенде ешкім болмады. Алайда, көп ұзамай, іздеріне түсу арқылы есірткінің қайда жіберілгенін анықтады. Арнайы операция кезінде екі адам қолға түсіп, бірнеше қару-жарақ пен екі көлік тәркіленді.
Айта кетейік, осы жылдың басынан бері құқық қорғау органының қызметкерлері аталған аймақта жалпы салмағы 10,2 тонна гашиш есірткісін тәркілеген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі еседей көп.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: nsktv.ru.

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше