Наурыздың 31-і күні Қазақстан мен АҚШ Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама ядролық қауіпсіздік және таратпау саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, бұл күні Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит шеңберінде ядролық қаруға қарсы күресте мақсатты шаралар атқарып, сауатты бастамалар көтерген, бұл мәселеде өзіндік бағытын айқындап алған Қазақстан жағына арнайы награда тапсырылды.
Ядролық қауіпсіздік және таратпау саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеде тараптардың ядролық материалдарды сақтау қауіпсіздігін арттыру үшін екі мемлекеттің аталған салада іс жүзінде өзара іс-қимыл жасасуды жалғастыруға жалпы бейілді екені расталған.
Сонымен бірге, бұл күні біздің еліміздің ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі тағы бір рет мойындалды. Нақтылай айтқанда, Вашингтонда басталған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында Қазақстанның көшбасшылығы атала келіп, «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамына арнайы награда ұсынылды. Оны Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қабылдап алды. Шараға «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басшысы Асқар Жұмағалиев қатысты.
Қазақстанға бұл марапаттың ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі көшбасшылық қызметі мен төмен байытылған уран банкін құру бағытындағы жүйелі жұмыстары үшін берілгенін атап өтуіміз керек.
Негізінде, әлемдегі ядролық-физикалық қауіпсіздікті қолдау және қамтамасыз етудің, сондай-ақ, салаға қатысты өзге де өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолдарын ұсынып жүрген Қазақстанның халықаралық көшбасшылық рөлі жоғары деңгейде бағалануда.
Қазіргі таңда мемлекетіміздің ғаламдық деңгейдегі басты жетістіктерінің бірі ретінде Атом энергиясы жөніндегі халықарылық агенттікпен (МАГАТЭ) 2015 жылғы 27 тамызда төмен байытылған уран банкін құру бойынша келісімге келгенін айтуға болады.
Жалпы, Қазақстан бұл халықаралық агенттікке 1994 жылы мүше болып қабылданған. Өзін ядролық қаруы жоқ ел деп жариялауына және Семей атом сынақ алаңының жұмысын тоқтатуына орай Қазақстанның агенттіктің қызметіне араласуының өзіндік жоғары маңызы бар. Өз кезегінде МАГАТЭ 1994 жылдан бері Қазақстанда атом қуатын пайдалану саласындағы аса қажетті мәселелерді шешуге қолдау білдіріп келеді. Бұл салада заңдар мен құжаттар жүйесін жасауға көмектесу, ядролық реакторларға және ядролық отын циклді кәсіпорындарға сараптау-талдау жасау, республиканың әртүрлі ұйымдарына аспаптар мен жабдықтар түріндегі техникалық көмек беру жақсарды. Семей сынақ алаңында радиациялық жағдайдың қазіргі күйін анықтау мақсатында МАГАТЭ мамандарының үш өкілдігі (миссиясы) жұмыс істеді. 1994 жылы шілдеде Алматыда Қазақстан мен МАГАТЭ арасында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа байланысты кепілдіктер беруді қолдану туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісімді дайындау мен іске асыру барысында агенттік жағынан Қазақстанға барынша көмек көрсетілді.
Осы орайда еске сала кетсек, Қазақстан – әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартқан ел. 1989 жылы Қазақстанда сол уақытқа дейін 468 ядролық сынақты жүзеге асырған Семей полигонындағы ядролық сынақтарды тоқтатып, жабуға шақырған «Невада-Семей» қозғалысы дүниеге келді. 1991 жылдың 29 тамызында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнайы Жарлығымен Семей полигонын жапты. 2009 жылы Елбасы 29 тамызды Ядролық қарудан бас тартудың бүкіләлемдік күні деп жариялау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсыныс БҰҰ тарапынан қолдау тапты.
Айта кетейік, 50 мемлекет пен халықаралық беделді ұйымдардың басшылары қатысып жатқан Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммит өз жұмысын жалғастыруда. Оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда. Бұл саммит АҚШ Президенті Барак Обаманың бастамасымен 2010 жылдан бері өткізіліп келеді.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан» –
Вашингтоннан.

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05