Ресейдің төрінде мейманхана болып есік ашты
Ресейдің орталық аймақтарының бірі болып саналатын Нижний Новгород облысында қазақтың киіз үйлерінен құралатын мейманхана кешені келушілерге есігін айқара ашты. Оны мұнда Қазақстаннан көшіп келген Алексей және Павел ныспылы екі офицер жасапты.
Қалың жұртшылық ежелгі Новгород жерінде осындай бір құтты қоныстың қатарға қосылып жатқанын ресейлік блогер Анна Вингурттің әлеуметтік желілерде таратқан ақпарынан кейін білді. Ол өзінің жеке парақшасына «Бұл Қазақстан емес! Біз Нижний Новгород облысының Бор ауданындамыз. Бұл шынында – адам сенгісіз нәрсе», деп жазды.
Аннаның айтуынша, ұядай жып-жылы қараша үйлер киізден және қамыстан жасалған төсеніштен тұрады. Мұндағы ауданы 23 шаршы метрді алатын киіз үйлер адамдар тұру үшін тігілсе, 73 шаршы метрді алатын келесі бөлігі 60 орындық банкет залы есебінде бой көтерген. «Алексей суға шомылып алғылары келетіндер үшін қойылған үлкен астау ыдыстың қалай жылытылатынын түсіндіріп берді. Онда орыс моншасы да бар. Сосын өзі дайындаған палауды алдымызға жайып салды. Палаудың етін де өздері әзірлейді екен. Олардың фермасында 500 қойы бағылып жатыр», деп атап көрсетеді Анна Вингурт.
Алексей мен Павел Новгород жеріне киіз үйлерді Қазақстанда арнайы жасаттырып әкелген екен. Қазір туристік фирмалар осы киіз отеліне туристер әкеліп тұратын көрінеді.
Мұрат АЙТҚОЖА.

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05