Қазақта: «Қазығұрттың басында кеме қалған. Ол әулие болмаса неге қалған», – деп айтылатын әпсана бар. Нұх пайғамбардың кемесі қайырлаған дейтін аңыз-әңгімеге жұрт құлай сеніп, көп адамдар мереке күндері қасиетті таудың басына көтеріледі.
Бұл жолы Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының ұйымдастыруымен 150 адам «Қазығұрт» шыңына шықты. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Наурыз» мерекесіне арналған шараға тәжірибелі альпинистермен қатар, мектеп оқушылары, жергілікті жоғары оқу орындарының студенттері, ата-аналар балаларымен қатысты.
Қазығұрт төбесінен қарап тұрған Алатаудай асқақ емес, теңіз деңгейінен 1761 метрдей ғана биік. Сондықтан, оның биігін бағындыру қиындық туғызбайды.
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаев: «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы әр қазақстандық үшін торқалы той. Дүние жүзінде ұлтарақтай да жері жоқ, әркімге кірме болып тозып жүрген ұлттар да бар. Ал, халқы шағын болса да Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде алғашқы тоғыздыққа кіреді. Мұны жас ұрпақ біліп-өсуі керек. Отанын қадірлеуді, ата-баба аманатына адал, өз елінің патриоты болып өсуі үшін осындай бастамалар керек деп ойлаймын. Бұл сапарда бізбен бірге жас балалар да ере жүрді. Олардың жүзінен Отанына деген мақтаныш, ертеңге деген сенім, алаңсыз балалық шақ көрдік», – деді.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10