АСТАНА. 1 сәуір. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Карнеги қорының басшысы Уильям Бернспен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесуге АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі У.Перри, АҚШ-тың бұрынғы сенаторы С.Нанн, Калифорния штатының губернаторы Дж.Браун, CNN арнасының негізін қалаушы Т.Тернер, Gap компаниясының бұрынғы басшысы Э.Гаст қатысты.
Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ-тың жаһандық антиядролық қозғалыс аясындағы ынтымақтастығы талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы серіктестермен кездесіп, олармен Қазақстан-Америка ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылау мүмкіндігі туғанына ризашылық білдірді.
Карнеги қоры – әлем елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту басты міндеті болып жарияланған коммерциялық емес жекеменшік ұйым. 1910 жылы құрылған Қор халықаралық саясат саласындағы ірі сараптау-талдау орталығының бірі болып саналады.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: akorda.kz.
• 01 Сәуір, 2016
Мемлекет басшысы Карнеги қорының президентімен кездесті

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48