Олимпиадаға 10 жолдама алды
Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы биылғы тамыз айында Рио-де Жанейрода өтетін жазғы Олимпиялық ойындарда толық құрамымен өнер көрсететін мүмкіндікке қол жеткізді. Бұл Қытайдың Цзяньан қаласында бүгін мәреге жететін азиялық олимпиялық квалификациялық турнирдің барысында белгілі болды. Онда бұрнағы күні ойналған жартылай финалдық шайқастарының қорытындысымен – бес, ал кеше үшінші орын үшін болған қосымша шайқастардың нәтижесі бойынша тағы екі боксшымыздың Рио-де-Жанейрода тамыз айында өтетін Олимпиялық ойындарға жолдама алды.
Олимпиадаға қыздарымыз арасынан бір ғана боксшы жолдамаға жетті. Ол – 75 килоға дейінгі салмақтағы Дариға Шәкімова турнирде кореялық Ким Шин-Хиеонгтен, моңғол Эрденетуя Енкхбаатардан, КХДР спортшысы Жанг Ун-Хиуден 3:0 деген есеппен асып, финалға шықты. Ал ақтық айқаста қытайлық Ли Кианмен қолғап түйістіреді.
Жігіттеріміздің арасынан 75 килоға дейінгі салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы кеше бірінші болып турнирдің алтын медалін мойнына орады. Ол кеше финалдық жекпе-жегінде алаң иесі – қытайлық боксшы Жао Минггангті айқын басымдықпен жеңді.
Ересектер додасына енді ғана қосылған Абылайхан Жүсіпов те жаттықтырушылар сенімін ақтады. 64 килоға дейінгі салмақта сынға түскен ол Қытай жерінде үндінің мықты сайыскері Манож Кумарды (3:0), кореялық Лим Хиун-Чулді (3:0), австралиялық Давид Биддені (3:0) және қытайлық Ху Кианскунды (3:0) тізе бүктірді. Енді ақтық сында моңғол Баттарсух Чинзоригпен шайқасады. Бұдан кейін Әділбек Ниязымбетов (81 кг) пен Иван Дычко (+91 кг) осы жолдан өтті. Осы сапарда Әділбек кореялық Йанг Хи-Гуенді (3:0), сириялық Ала Алдих Чоссоунды (3:0) және түрікмен Азизбек Ачиловты (3:0) жолдан тайдырса, Иван Жаңа Зеландия өкілі Патрик Маилатаны 1-раундта нокаутқа түсіріп, иорданиялық Хуссейн Ешайш Яшайшті 3:0 етіп тізе бүктірді.
Бұрнағы күні жартылай финалда қарсыластарына есе жіберіп қойған тағы екі боксшымыз – Олжас Сәттібаев (52 кг) пен Қайрат Ерәлиев (56 кг) кеше Олимпия лицензиясын беретін үшінші орын үшін айқаста жеңіске жетті.
Ал үш салмақ бойынша күш сынасатын қыздар құрамасында әзірге жалғыз жолдама болса, қалған екеуін биылғы 16-28 мамыр аралығында Астанада өтетін әлем чемпионатында толтырады деген үміттеміз.
Руслан ИГІЛІК.

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05